Қазақстан Республикасы Біртұтас энергетикалық жүйесінің жұмысын диспетчерлік басқаруды жаңа Диспетчерлік пунктке беру туралы баспасөз хабарламасы, Астана қ., 14 тамыз 2014 жыл

Қазақ

14.08.2014

Қазақстан Республикасы Біртұтас энергетикалық жүйесінің жұмысын диспетчерлік басқаруды жаңа Диспетчерлік пунктке беру туралы баспасөз хабарламасы, Астана қ., 14 тамыз 2014 жыл

Бүгін, 2014 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы  Біртұтас энергетикалық жүйесінің жұмысын диспетчерлік басқару Жүйелік оператордың (ЖО) Ұлттық Диспетчерлік Орталығының (ҰДО) жаңа Диспетчерлік пунктіне ресми түрде тапсырылды. Бұл шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ө.Е.Шүкеев қатысты.

            Бұрын Диспетчерлік орталық «KEGOC» АҚ-ның Астана қ.,  Бейбітшілік көш., 37 мекенжайындағы ғимаратта орналасқан болатын. KEGOC компаниясының жаңа ғимаратқа  көшуіне байланысты  ЖО ҰДО жаңа ғимаратқа  көшірілді.

            Салтанатты жиын барысында  ҰДО аға диспетчері «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы          Б.Т. Қажиевке  ЖО ҰДО жедел диспетчерлік орталығы қызметкерлері пен технологиялық жабдықтарының  Қазақстан Республикасы Біртұтас энергия жүйесінің жұмысын тапсыру-қабылдауға даярлығын баяндады.

            «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы басқаруды Жүйелік оператордың жаңа диспетчерлік пунктіне беру туралы өкім бергеннен кейін, негізгі басқаруды жаңа диспетчерлік пунктке ауыстыруға қажетті іс-шаралар жүргізілді.

  ЖО ҰДО Қазақстан Республикасы Біртұтас энергия жүйесін (БЭЖ) жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары сатысы болып табылады және энергия өндіруші, энергия жеткізуші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың техникалық жағынан келісілген жұмысын, сондай-ақ электр энергиясын тұтынушыларды бір орталықтан жедел-диспетчерлік басқаруды қамтамасыз етеді.

ҰДО диспетчерлік орталығынан меншік нысанына қарамастан энергия нысандарының жұмыс режимін Қазақстан энергия жүйелерінің сенімді қызметін тиісті деңгейде сақтау мақсатында басқару жүзеге асырылады. ЖО ҰДО сондай-ақ электр станциялары мен Қазақстан БЭЖ-і желілерінің сенімді және тұрақты жұмысын,  Қазақстан БЭЖ-інің  шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен  қатарлас жұмысын  қамтамасыз етеді.

ЖО ҰДО диспетчерлік пунктіндегі бейнеқабырға ТМД елдерінің Диспетчерлік орталықтарымен салыстырғанда көлемі жағынан ең үлкені болып табылады және қазіргі заманның барлық талаптарына сәйкес келеді. Ол жапондық Mitsubishi фирмасының проекциялық модулы негізінде (VS-67PE) құрылған. Бейнеқабырғаны 36 бейнемодуль құрайды,  экранның жалпы көлемі көлденеңінен 12,2 метрді және  тігінен 4 метрді құрайды.

Бейнеқабырға  тәулігіне 24 сағат,  аптасына 7 күн,  жылына 365 күндік нақты уақыт режимінде  ҚР БЭЖ-і бойынша  жедел ақпараттардың көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Озық үлгідегі жабдықты пайдалану диспетчерлік орталық қызметкерлеріне ҚР БЭЖ-ін басқаруда жұмыс жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания балансында Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА болатын  75 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда  4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық  ақпарат  www.kegoc.kz сайтында.

Баспасөзбен байланыс

Ақмарал Баязитова

тел.: +7 (7172) 69-01-61

bayazitova@kegoc.kz



..