Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігі ХІІІ халықаралық жарысы басталды

Қазақ

2016 жылғы 19 қыркүйекте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігі ХІІІ халықаралық жарысының-110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша халықаралық жарысының ашылу салтанаты болып өтті. Ресми іс-шараға ТМД Электр энергетикалық кеңесінің төрағасы Евгений Мишук және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев қатысты.  

Ағымдағы жылы жарысқа Беларусия, Грузия, Қазақстан, Ресей мен Өзбекстан елдерінің бригадалары қатысады. «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының энергетиктер бригадасы Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің өкілдері жарыстарға бақылаушылар ретінде қатысады. 

Жарыс «KEGOC» АҚ оқу-жаттығу полигонында (Ақмола облысы, Макинск қ.) өтеді. Бригадалар төрт күннің ішінде 6 кезеңнен өтіп, мынадай қабілеттерін көрсетуі тиіс:

-  қолданыстағы ереже мен нұсқаулықтарды білуі;

-  жабдықтарға жылу бойынша бақылау жүргізу дағдысы;

-  110 кВ ажыратқыштарға жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі дағдылары мен шеберлігі;

-  220 кВ жоғары вольттық герметикалық ендірмеге техникалық қызмет көрсетудегі дағдысы мен шеберлігі;

-  КРУН-10 кВ – сыртқы қондырғының кешенді тарату құрылысымен өртті сөндіру дағдылары мен шеберлігі;

- электр тоғының әрекетінен зардап шегушіні босату және оған көмек көрсету (манекен мен реанимациялық жаттықтырғыш көмегімен) шеберлігі.

23 қыркүйекте қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. 

2015 жылы халықаралық жарыс Брест қаласында (Белорусь Республикасы) өткен болатын. Онда «KEGOC» АҚ командасы «Қолданыстағы ереже, нұсқаулық және қағидалар туралы білімін тексеру» кезеңінде бірінші орынды, «220 кВ ӘЖ-де У-36М түріндегі анкерлік тіректе фазаның керу бекітпесінің ПС160 №10–11 маркалы ақаулы оқшаулатқыштарды алмастыру» кезеңінде екінші орынды, «220 кВ ӘЖ-де монтаждайтын құрама саты мен басқышты қолдана отырып, ПБ220-1 түріндегі аралық тіректе фазаның ұстап тұрушы аспасында ПСД70 №12-13 маркалы ақаулы оқшаулатқыштарды алмастыру» кезеңінде үшінші орынды иелене отырып, жалпы командалық ІІ орынды жеңіп алғанын атап өткен жөн.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігінің халықаралық жарысы 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұрады. «KEGOC» АҚ энергетиктердің жарысын екінші мәрте өткізіп отыр. Алғаш рет халықаралық жарыс 2009 жылы Макинск қаласында Жүйелік оператордың базасында өткізілген болатын.

 Қазақстан командасының («KEGOC» АҚ) Энергетиктердің халықаралық жарыстарында көрсеткен нәтижелері:

·   Энергия жүйелері диспетчерлерінің кәсіби шеберлігінің халықаралық жарысы. Ресей Федерациясы, Москва қ., 2004 ж. – ІІ орын. · 110 кВ және одан жоғары ӘЖ-ге қызмет көрсететін мамандардың халықаралық жарысы. Беларусь мемлекеті, Брест қ., 2005 ж. – ІІ орын.

·   110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсететін персоналдың халықаралық жарысы. Ресей Федерациясы, Железноводск қ., 2006 ж. – ІІ орын.

·   110 кВ және одан жоғары ӘЖ-ге қызмет көрсететін мамандардың халықаралық жарысы. Украина Республикасы, Винница қ., 2008 ж. – ІV орын.

·   110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың құрылғыларына қызмет көрсететін персоналдың халықаралық жарысы. Қазақстан Республикасы, Макинск қ., 2009 ж. – І орын.

·   110 кВ және одан жоғары ӘЖ-ні жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі бригадалардың халықаралық жарысы. Беларусь Республикасы, Брест қ., 2015 ж. – ІІ орын. 

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы ауд., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: 
kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 24,9 мың км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.