«Қазақстандық қор биржасы» АҚ-да (KASE) «KEGOC» АҚ-ға арналған «Эмитент күні» өтті

Қазақ

17-і сәуірде KASE алаңында «KEGOC» АҚ үшін «Эмитент күні» кездесуі өтті. Іс-шара инвесторлар тарапынан эмитентке деген қызығушылықты арттыру және эмитенттің акционерлермен кері байланысын орнату мақсатында өткізіледі. Іс-шараға «KEGOC» АҚ өкілдері менKASE кәсіби мүшелері қатысты.

Басқарма мүшесі, «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Ботабеков А.Т. компанияның 2017 жылғы қызметінің қорытындысы туралы сөз сөйледіБасқарушы директор 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептемеге сәйкес «KEGOC» АҚ-ның таза табысы 32,9 млрд. теңгені құрады. «KEGOC» АҚ-ның 2017 жыл қорытындысы бойынша алған таза пайдасы компания құрылған күннен бастап ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Сонымен қатар, Ботабеков А.Т. акционерлердің мүдделерін есепке ала отырып, компанияның дивиденттік саясатына сәйкес, 2018 жылғы 27 сәуірде өткізілетін акционерлер жалпы жиналысының қарауына акционерлерге 2017 жылдың қорытындылары бойынша 2017 жылғы таза кірістің 70%-ын (2017 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша төленген 12,6 млрд. теңге сомасындағы дивидендтерді шегеріп тастағанда) құрайтын жалпы сомасы 10,4 млрд. теңге көлемінде дивиденттер төлеу мәселесі шығарылғанын атап өтті. Осылайша, дивидендтердің мөлшері бір жай акцияға есептегенде 40,13 теңгені құрайды.

Презентация материалдарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады.