«Қазақстандық қор биржасы» АҚ-да (KASE) «KEGOC» АҚ-ға арналған «Эмитент күні» өтті

Қазақ

21 сәуірде KASEбиржасында «KEGOC» АҚ үшін «Эмитент күні» кездесуі өтті. Іс-шара инвесторлар тарапынан эмитентке қызығушылықты арттыру және эмитенттің акционерлермен кері байланысын орнату мақсатында өткізілді. Іс-шараға «KEGOC» АҚ өкілдері мен «Фридом Финанс» АҚ компаниясының жұмыс істеп тұрған маркет-мейкерлері және «Банк Центр Кредит» АҚ мен «Цесна Капитал» АҚ-ның еншілес ұйымы «BCCInvest»АҚ қатысты. Сонымен қатар, кездесуде басқа брокерлік компаниялардың,  «KEGOC» АҚ акционерлері мен Қазақстанның жетекші іскери БАҚ өкілдері болды.

Басқарма мүшесі, «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Ботабеков А.Т. компанияның 2016 жылғы қызметінің қорытындысы туралы сөз сөйледі. Басқарушы директор 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептемеге сәйкес «KEGOC» АҚ активтері 632,1 млрд. теңге, міндеттемелері-270,0 млрд.теңге, капиталы-362,1 млрд.теңгені құрағандығын хабарлады. «KEGOC» АҚ-ның 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы кірісі 140,4 млрд. теңгені, шығысы – 112,8 млрд. теңгені, таза кірісі – 27,6 млрд. теңгені құрады. «KEGOC» АҚ-ның 2016 жыл қорытындысы бойынша алған таза пайдасы компания құрылған күннен бастап ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Сонымен қатар, Ботабеков А.Т. акционерлердің мүдделерін есепке ала отырып, компанияның дивиденттік саясатына сәйкес, 2017 жылғы 12 мамырда өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының қарауына акционерлерге 2016 жылдың қорытындылары бойынша 7,3 млрд. теңге жалпы сомасында дивиденттер төлеу мәселесі шығарылғанын атап өтті. Бұл 2016 жылғы таза кірістің 50%-ын (2016 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша төленген 6,5 млрд. теңге сомасындағы дивидендтерді шегеріп тастағанда) құрайды. Осылайша, дивидендтердің мөлшері бір жай акцияға есептегенде 28,13 теңгені құрайды.

 

Байланыс үшін ақпарат

 Тәуелсіздік даңғылы, 59,  Алматы ауданы,  Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

 

 Компания туралы

 

 «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның теңгерімінде ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 25 000 км болатын, кернеуі 0,4-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,7 ГВА болатын 78 қосалқы  электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.