«КазЭнергоПровод» ЖШС 49,9% үлесінің аукциондағы сатылымы 20 мамырда өтеді

Қазақ

 

2016 жылғы 11 мамыр                                                                                                                            Астана қаласы

 

«KEGOC» АҚ, 2016-2020 жылдардағы Кешенді жекешелендіру жоспарын іске асыру аясында, «КазЭнергоПровод» ЖШС жарғылық қорындағы 49,9% үлес электронды аукционға қойылатынын хабарлады. 

Сауда 2016 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы мемлекеттік мүлік реестрінің gosreestr.kz веб-порталындағы электронды алаңда жүргізіледі.

«КазЭнергоПровод» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында орналасқан. Компанияның негізгі қызмет бағыты «АС» маркалы жоғары вольтті сым жасап, шығару. 

Активтің бастапқы бағасы 162,9 млн теңгені құрайды.

Кешенді жекешелендіру жоспары бойынша «Самұрық-Қазына» Компаниялар тобы 2020 жылға дейін бәсекелестік ортаға 217 нысанды шығаруы тиіс. 

 

    Байланыс ақпараты

    Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы ауд., Астана қ.,
    Қазақстан Республикасы, 010010
    Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
    Факс: +7 (7172) 690-455
    e-mail: 
kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 24,9 мың км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.