«KEGOC» АҚ 2019 жылғы 12 қарашада 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына (KZ1C34930012) дивиденттер төленетіндігін хабарлайды

Қазақ

1. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивиденттер төлеу туралы шешімді 2019 жылғы 25 қыркүйекте (№ 14 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдады. 

2. Дивиденттер 2019 жылғы қаңтардың 1-інен бастап маусымның 30-ы аралығындағы кезең үшін төленеді. 

3. Бір жай акцияға шаққандағы дивидент көлемі - 67,17 (алпыс жеті теңге 17 тиын) теңге. 

4. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденттер түрінде төленуі тиіс қаражаттың жалпы сомасы – 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы «KEGOC» АҚ таза кірісінің 77,336%-ын құрайтын 17 464 106 633,70 (он жеті миллиард төрт жүз алпыс төрт миллион жүз алты мың алты жүз отыз үш теңге, жетпіс тиын) теңге. 

5. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденттер түрінде төленген қаражаттың жалпы сомасы - 17 464 106 633,70 (он жеті миллиард төрт жүз алпыс төрт миллион жүз алты мың алты жүз отыз үш теңге, жетпіс тиын) теңге.

6. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденттер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 4 қарашадағы жай-күй бойынша тіркелді.