KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналасының қорытындысы

Қазақ

2018 жылғы 24 тамызда өткен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттік мерзімін, сыйақы мен шығыстар өтемақысының көлемін анықтау және төлеу шарттарын белгілеу туралы мәселеле қаралды.

Акционерлердің жалпы жиналысы Құдабаев Ермек Әскербекұлын «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына жалпы алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі біткенге дейінгі мерзімге тәуелсіз директор ретінде сайлады.

Енгізілген өзгеріске сай «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы:

- Тағашев Ибрагим Есенжанұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі дирекциясының директоры - «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

- Тиесов Сүиншлік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл;

- Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл;

- Доминик Фаш (Dominique, Yvon Fache) – тәуелсіз директор;

- Януш Биалек (Janusz Witold Bialek) – тәуелсіз директор;

- Құдабаев Ермек Әскербекұлы – тәуелсіз директор; 

- Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.