«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2016 жылғы 28 қазанда өткізу туралы хабарлама

Қазақ

Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) Басқармасы Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 53 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі (26.08.2016 ж. № 10 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) шақырып отырғанын хабарлайды.

         Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 28 қазанда 11 сағат 30 минутта келесі мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 28 қазанда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады. 

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.

Жеке тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте рәсімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Заңды тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын көрсетіп, оның көшірмесін тіркеушіге өткізуі тиіс.

Егер заңды тұлға болып табылатын акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органы (директор, бас директор, президент) қатысатын болса, олар тіркелген кезде сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге және  Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысына өзгеде адамдар шақырусыз қатыса алады.

Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.  

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.     

         Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылғы 24 қазанда жасалады.   

Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала әзірленген күн тәртібі:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне жаңа мүшелер сайлау, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі жаңа мүшелерінің қызмет ету мерзімін, сыйақы мөлшері мен шығындарын өтеу шарттарын анықтау туралы.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

3. «KEGOC» АҚ-ның 2016 жылғы аралық қаржылық есептемесін, таза табысын тарату тәртібін бекіту, жәй акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2016 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша KEGOC» АҚ-ның бір жәй акциясына есептелетін дивиденд мөлшерін бекіту туралы;

 Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері, 2016 жылғы 18 қазаннан бастап сағат 9:30-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады.

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдары бойынша, сондай-ақ  өткізілуіне байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 491; 690 298, 690 297 телефондары арқылы немесе  www.kegoc.kz  веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады.

Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер немесе олардың өкiлдерi тiркелсе, жиналыс күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 31 қазанда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 31 қазанда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен анықталған.