«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2018 жылғы 2 қарашада өткізу туралы хабарлама

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі шешіміне (№10 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлер жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады. 

Акционерлердің жалпы жиналысы 2018 жылғы 2 қарашада 11 сағат 30 минутта келесі мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 2 қарашада 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.   

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2018 жылғы 30 қазандағы жай-күй бойынша жасалатын болады.  

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Акционерлер жалпы жиналысының алдын ала әзірленген күн тәртібі:

1) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

Акционерлер жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша жұмыс күндері, 2018 жылғы 22 қазаннан бастап сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» бөлімінде танысуға болады. 

Өткізу тәртібі:

- Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар тұлға Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін осы хабарламада көрсетілген тәртіпте ресми тіркеуден өтуі тиіс;

- тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ; 

- Акционерлердің жалпы жиналысына тіркелу және қатысу үшін акционер – жеке тұлғалардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс;

- жеке тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте рәсімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Заңды тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын көрсетіп, оның көшірмесін тіркеушіге өткізуі тиіс;

- егер заңды тұлға болып табылатын акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органы қатысатын болса, онда олар сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге және  Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді;

- күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлер жалпы жиналысымен өзге шешім бекітілмесе акционер болып табылмайтын өзге адамдар Акционерлердің жалпы жиналысының отырысына шақырусыз қатыса алмайды; 

- егер Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде «KEGOC» АҚ-ның дауыс беретiн акцияларын жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер және/немесе олардың өкiлдерi тiркелсе, Акционерлердiң жалпы жиналысы күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.

Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда Акционерлер жалпы жиналысының қайта отырысы 2018 жылғы 30 қарашада 16 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі. Акционерлер жалпы жиналысының қайта отырысына қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 30 қарашада 14 сағат 30 минуттан бастап 16 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да сұрақтар Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, «KEGOC» АҚ жарғысымен және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен анықталған.  

Жиналыс Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 35-52 баптарына сәйкес өткізіледі.

Акционерлер жалпы жиналысының материалдары бойынша, сондай-ақ  өткізілуіне байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына жұмыс уақытында хабарласу арқылы немесе  www.kegoc.kz  веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады.