«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын дауыс берудің аралас нысанында (күндізгі және сырттай) 2020 жылғы 21 ақпанда өткізу туралы хабарлама

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне (№ 1 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) дауыс берудің аралас нысанын (күндізгі және сырттай) қолдана отырып шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады. 

Акционерлердің жалпы жиналысы 2020 жылғы 21 ақпанда 11 сағат 30 минутта, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы мекенжайы бойынша өтеді. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2020 жылғы 21 ақпанда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.  

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2020 жылғы 24 ақпанда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі. Акционерлердің қайталама жалпы жиналысының отырысына қатысушыларды тіркеу 2020 жылғы 24 ақпанда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсынудың соңғы күні – 2020 жылғы 21 ақпан 11 сағат 00 минут.

Акционерлердің қайталама жалпы жиналысын өткізген жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсынудың соңғы күні – 2020 жылғы 24 ақпан 11 сағат 00 минут. 

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн – 2020 жылғы 6 ақпан.  

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 

 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1)П KEGOC ИД-215-19-ОСА  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы;

2)«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау), сонымен қатар «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының уәкілеттік мерзімін белгілеу туралы».

Акционерлер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша жұмыс күндері, 2020 жылғы 11 ақпаннан бастап сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» бөлімінде таныса алады.  

 

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі және рәсімі:

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде) /заңды тұлғаның атауын, дауыс беруші акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде жеке тұлға болып табылатын акционер жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлік/төлқұжаттың нөмірін, берілген күнін, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіргіш нөмірін (ЖСН)) көрсетіп, қол қоюы тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «KEGOC» АҚ корпоративтік сайтының «Инвесторлар мен акционерлерге»/ «Ақпаратты ашу»/ «Жалпы жиналыс» бөлімінде орналастырылған;

- акционердің-заңды тұлғаның сырттай дауыс беруге арналған бюллетеніне оның басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) қол қоюы тиіс және заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландыруы тиіс;

- акционердің-жеке тұлға немесе акционердің - заңды тұлғаның басшысының (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылмаған,  сонымен қатар заңды тұлғаның мөрі (бар болған жағдайда) басылмаған бюллетень жарамсыз болып есептеледі;

- бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының бірі белгіленуі тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетень почтамен немесе қолма қол Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайындағы «KEGOC» АҚ-ның кеңсесіне 2020 жылғы 21 ақпан 11 сағат 00 минутқа дейін жеткізілуі тиіс;  

- егер сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді бұрын жіберген акционер, аралас дауыс беру қолданылатын Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру үшін келген болса, оның бюллетені Акционерлердің жалпы жиналысының кворумын анықтау және күн тәртібі мәселелері бойынша дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.

 

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

- Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар тұлға Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін осы хабарламада көрсетілген тәртіпте ресми тіркеуден өтуі тиіс;

- тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ; 

- Акционерлердің жалпы жиналысына тіркелу және қатысу үшін жеке тұлға болып табылатын акционердің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс;

- акционерлердің – жеке тұлғалардың өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхат және өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы тиіс. Акционерлердің – заңды тұлғалардың өкілдері  акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхат және жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхат түпнұсқасын ұсынуы және оныі көшірмесін тіркеушіге тапсыруы тиіс;

- акционерлердің – заңды тұлғалардың атынан Акционерлердің жалпы жиналысында олардың жеке атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы құжаттарды, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге және  Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді;

- күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен басқасы белгіленбеген болса, акционерлер болып табылатын басқа тұлғалар Акционерлердің жалпы жиналысының отырысына шақырусыз қатыса алмайды;

- Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде  «KEGOC» АҚ дауыс беруші акцияларының елу және одан да көп пайызына иелік етуші акционерлер және/немесе олардың өкілдері, соның ішінде сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жіберген акционерлер күн тәртібінің мәселелерін қарастырып және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «KEGOC» АҚ Жарғысы және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен белгіленген.  

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға +7 (7172) 690 298, 690 297, 190 521 телефондарына жұмыс уақытында хабарласу арқылы немесе  www.kegoc.kz  веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады.