KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

Қазақ

2020 жылғы 23 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Онда мына мәселелер қаралды:

1)«KEGOC» АҚ 2020 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы жарты жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2020 жылғы бірінші жарты жылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы».  

2) «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы».

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары бойынша акционерлер:

-«KEGOC» АҚ-ның  2020 жылғы бірінші жарты жылдық бойынша аралық қаржылық есептемесін бекітті. Оған сәйкес Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 28,6 млрд. теңгені құрады. 

- төленуі тиіс дивиденттердің жалпы сомасы Компанияның жай акцияларын ұстаушылардың барлығына шаққанда 20 млрд. теңгені құрайды, ал бұл бір жай акцияға есептегенде 77,09 (жетпіс жеті теңге тоғыз тиын) теңгені құрайды. 

Соған қоса «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы шешім қабылдады.

Қоғамның жай акциялары бойынша 2020 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша дивиденттер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 29 қазан 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивиденттер төлеу басталатын күн – 2020 жылғы 30 қазан.