KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналасының қорытындысы

Қазақ

2018 жылғы 27 сәуірде өткен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында келесідей мәселелер қаралды:

1) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелері мен төрағасын сайлау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағандары үшін сыйақылар мен шығыстар өтемақысының көлемін және төлеу шарттарын белгілеу туралы;

2) жылдық қаржылық есептемені бекіту, таза кірісті бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ  2017 жыл үшін бір жай акцияға есептегендегі жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және дивидендтердің мөлшері туралы;

3) акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы;

4) «KEGOC» АҚ Есептік комиссиясының сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау және оның мүшелерін сайлау туралы.

Акционерлер 2017 жылғы «KEGOC» АҚ жылдық қаржылық есептемесін бекітті. Аталған есептемеге сәйкес компанияның шоғырландырылған таза табысы 32,9 млрд. теңгені құрады.

Акционерлер жалпы жиналысы 2017 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша төленген 12,6 млрд. теңгені шегергенде, «KEGOC» АҚ-ның  32,9 млрд. теңгені құрайтын таза кірісінің 70%-ын құраған 10,4 млрд. теңге мөлшеріндегі соманы «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына дивиденттер төлеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Осыған орай, «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде 40,13 теңгені құрайтын «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына жалпы соммасы 10,4 млрд. теңге көлеміндегі дивидендтер төленеді. 

2017 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивиденттер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2018 жылғы 14 мамыр 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша бекітіледі. Дивидендтер төлеуді бастау күні - 2018 жылғы 15 мамыр.

Сонымен қатар, Акционерлер жалпы жиналысында, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы, өкілеттік мерзімі анықталып, оның мүшелері мен төрағасын сайланды, сонымен бірге «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағандары үшін сыйақылар мен шығыстар өтемақысының көлемі және төлеу шарттары белгіленді.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі келесі құрамда сайланды:

-        Тағашев Ибрагим Есенжанұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі дирекциясының директоры - «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл;

-        Тиесов Сүиншлік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл;

-        Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл;

-        Доминик Фаш (Dominique, Yvon Fache) – тәуелсіз директор;

-        Януш Биалек (Janusz Witold Bialek) – тәуелсіз директор;

-        Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Тағашев Ибрагим Есенжанұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.