«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2016 жылғы 29 сәуірде өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Қазақ

Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) Басқармасы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 25 наурызындағы шешімімен (№ 3 хаттама) шақырылып отырған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетіндігін хабарлайды. 

Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 29 сәуірде 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 29 сәуірде 9 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.  

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.   

Жеке тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте рәсімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Заңды тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.  Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын көрсетіп, оның көшірмесін тіркеушіге өткізуі тиіс.

Егер заңды тұлға болып табылатын акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органы (директор, бас директор, президент) қатысатын болса, олар тіркелген кезде сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.  

Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге және  Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді.   

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.      

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылғы 25 сәуірде жасалады.   

Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала әзірленген күн тәртібі:

1.Жылдық қаржылық есептемені бекіту және 2015 жылғы 31 желтоқсанмен аяқталған жылға «KEGOC» АҚ-ның дивидендтерін төлемеу туралы шешім қабылдау туралы.

2.Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне қатысты өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері,  2016 жылғы 8 сәуірден бастап сағат 9:30-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады. 

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдары бойынша, сондай-ақ  өткізілуіне байланысты  сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 491; 690 298, 690 297 телефондары арқылы немесе  www.kegoc.kz  веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады. 

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 3 мамырда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша  қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы  жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 3 мамырда 9 сағат 00 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.