«KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының электр монтерлері бригадасы Ұлттық электр торабының әуе желілеріне қызмет көрсету бойынша үздік болып танылды

Қазақ

«KEGOC» АҚ-да 2019 жылғы  қазанның 15-інен бастап 18-ін қоса алғанда  «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының 500 кВ «Алматы» қосалқы станциясы жанындағы (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) оқу-жаттығу полигонында өткен әуе желілеріне (ӘЖ) қызмет көрсету жөніндегі электр монтерлері бригадаларының жарысы аяқталды.

Кәсіби шеберлік жарыстарына «KEGOC» АҚ филиалдарының саны бойынша 9 команда қатысты.

Жарыс барысында командалардың әрқайсысы 6 кезеңнен өтті, олардың барысында: нормативтік-техникалық құжаттарды білулерін және теориялық дайындықты; жапа шегушіні (манекенді) электр тогының әсерінен босатуды, оны 220 кВ ӘЖ тіреуінен түсіру және дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, тіреу аралықтары кермелерінің белгілі бір тобында әртүрлі маркалы ақаулы шыны оқшаулағыштарды ауыстыру дағдыларын; сонымен қатар 220 кВ ӘЖ анкерлік металл тіреуі сымының шлейфін арнайы құралдарды қолдана отырып, жалғау дағдыларын көрсетулері қажет болады.

Жарыстың қорытындысы бойынша құрамында Рахымжанов Ғалым (команда жетекшісі), Есімбаев Ержан, Косоумасов Данияр, Жиенғалиев Әсет, Шауманов Ардақ және Калашников Александр бар «Алматы ЖЭТ» филиалының электр монтерлері бірінші орынды иеленді. Олар алты кезеңнің екеуінің жеңімпазы атанды және тағы бір кезеңде екінші орын алды.

Екінші орынды Солтүстік ЖЭТ филиалының электр монтерлері, үшінші орынды - Ақмола ЖЭТ филаиалының бригадасы иеленді. 

"Жеңіске жігерленген еркі үшін" қосымша жүлде "Батыс ЖЭТ" филиалының командасына берілді.

"Үздік мастер" атағы "Батыс ЖЭТ" филиалының ЭЖЖҚ мастері Р. М. Еламановқа берілді, "Үздік электр монтері" болып "Сарыбай ЖЭТ" филиалының ӘЖ жөндеу жөніндегі электр монтері Н. С. Юденков танылды.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, осындай кәсіби жарыстар тек қана шеберлікті көрсету қызметін атқармайды, сонымен қатар әртүрлі филиалдардың энергетиктеріне тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді.

Ең көп балл санын жинаған жеңімпаз команданың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы электр желілік компаниялары арасындағы кәсіби шеберліктің халықаралық біріншілігінде Қазақстан Республикасы атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болатындығы да маңызды аспект болып табылады.