«KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалының Жастар істері жөніндегі кеңесі Алматы облыстық №1 балалар үйіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Қазақ

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке – Құрбан айт қарсаңында «KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалының Жастар істері жөніндегі кеңесі Алматы облыстық №1 балалар үйіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Жиналған қаражат теледидар, сынып бөлмелері мен жатын бөлмелерді жөндеуге арналған құрылыс материалдарын, оқу жылына кеңсе тауарларын, жеке жабдықталған рюкзактар, жемістер және шайға тәтті дәмдер сатып алуға жұмсалды.

Сондай-ақ, McDonalds мейрамханасында мерекелік түскі ас ұйымдастырып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Балалар үйінің ұжымы филиал қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарын сыйлады.