«KEGOC» АҚ барша акционерлер мен инвесторларды жаңа 2018 жылбен құттықтайды!

Қазақ

Құрметті акционерлер және инвесторлар!

 

Өтіп бара жатқан жыл «KEGOC» АҚ тарихында ерекше орын алды -компанияға 20 жыл толды. Бұл жасампаздық пен тиімді өндірістік қызмет жылдары болды деп мақтанышпен айта аламыз. Компания акционерлердің алдындағы барлық міндеттерін орындап, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша елеулі жұмыстар атқарып жатыр.

Сіздерді келе жатқан 2018 жылмен құттықтаймыз!

Біздің Компанияны таңдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және игілік, ашық аспан, зор денсаулық, береке және табыс тілейміз!

Жаңа 2018 жылы баршамызға сәттілік серік болсын.

 

                                                                                                                                          Ізгі тілекпен, «KEGOC» АҚ