«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев Digital Samruk – 2019 конференциясына қатысты

Қазақ

2019 жылғы 18 желтоқсанда астаналық Hilton Hotel Astana-да (ЭКСПО) «Цифрлық трансформация: ел экономикасының өсу нүктелері» тақырыбы бойынша Digital Samruk – 2019 конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Премьер-Министрі Мамин А.У., Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі РК Жұмағалиев А.К  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Есімов А., сонымен қатар Қордың портфельдік компанияларының басшылары қатысты. Аталған іс-шараға Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиев бастаған «KEGOC»  АҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында еліміздің ең ірі компаниялары қызметінің операциялық тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шараға қатысушылар аталған жұмыс механизмдерінің негізгілерінің бірі болып Цифрлық трансформациялау бағдарламасын іске асыру табылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар Самұрық-Қазына компаниялар тобының цифрлық жобаларын және іс-шараларын таныстыру, Қор компанияларының цифрлық даму мәселелерін және алынған нәтижелерді бизнес-сарапшылармен талқылау, сонымен қатар серіктестердің цифрлық технологиялар саласындағы тәжірибесімен танысу болып өтті.