«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы компанияның еңбек ұжымдарымен дәстүрлі есеп беру кездесулерін бастады

Қазақ

2020 жылғы 2 наурызда «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиев Өскемен қаласында «Шығыс ЖЭТ» филиалының ұжымымен кездесті. 

Өңірде маңызды энергия көздері, оның ішінде ұлттық маңызы бар гидроэлектр станциялары (Бұқтырма ГЭС, Өскемен ГЭС, Шүлбі ГЭС), өңірлік маңызы бар электр станциялары (Өскемен ЖЭО) және т.б. орналасқан.Өңір аумағы бойынша өте маңызды энергетикалық объект – «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиті өтеді, ол өз кезегінде Солтүстік электр станцияларын Қазақстанның шығыс және оңтүстік өңірлерімен байланыстырады.

Бақытжан Қажиев әріптестеріне «KEGOC» АҚ-ның 2019 жылғы жұмысының қорытындылары, оның ішінде ірі ауқымды стратегиялық жобалардың іске асырылу барысы, өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы ақпарат берді. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат жеке блокпен ұсынылды, есептік жылы апаттар, І дәрежелі істен шығулар, сонымен қатар персоналдың қате іс-қимылы және жабдықты пайдалануды қанағаттанғысыз ұйымдастыру салдарынан технологиялық бұзушылықтар болмағандығы атап өтілді.

Компания басшысы еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударып, компанияда қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

- Компания тарапынан өз қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша барлық талаптар мен міндеттемелер сақталады. Алайда, жарақаттанудың "нөлдік" деңгейіне жету үшін біздің компанияның барлық қызметкерлері қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің барлық талаптарын мүлтіксіз сақтау ғана емес, сондай-ақ оны өз әріптестерінен талап ету қажет, - деп атап өтті Бақытжан Қажиев

Іс-шараға қатысушылар бизнесті трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен, акционерлер алдындағы міндеттемелердің орындалуымен және басқа да мәселелермен танысты, сондай-ақ 2020 жылға арналған перспективалық жоспарлармен танысты. 

Кездесу барысында қызметкерлерге Басқарма төрағасына қызметкерлерді қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.