«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ақпараттық кеңестің қорытындылары туралы баспасөз-хабарламасы

Қазақ

10.07.2015

«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ақпараттық кеңестің қорытындылары туралы баспасөз-хабарламасы

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ақпараттық кеңес өткізілді.

Ақпараттық күн трансформациялаудың аралық нәтижелері туралы компания қызметкерлерін кеңінен хабардар етуге арналған. Компанияның барлық қызметкерлерін трансформациялау үдерісіне тартудың өзектілігін есепке ала отырып, маңызды оқиғалардың аяқталуы мен бағдарлама нәтижелеріне қарай осындай кеңестер тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.   

Кеңеске «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелері, Атқарушы дирекцияның, Еншілес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, «KEGOC» АҚ филиалдарының директорлары, «Самұрық-Қазына» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі орталық командасының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлей отырып, Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев «Диагностика және дизайн» сатысы бойынша бағдарламаның іске асырылу барысы, Жаңғырту жөніндегі кеңестің бірінші отырысы және отырыста «0» сатысына оң баға берілгені туралы қысқаша әңгімеледі. Сонымен қатар, кеңесте сөз сөйлегендер Бизнесті трансформациялау бағдарламасының ерекшелігі бұл бағдарламаны KEGOC қызметкерлері орындайтыны және олардың трансформация мәнісін түсінуі өте маңызды екені туралы атап өтті. 

Осыған байланысты кеңеске «Самұрық-Қазына» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі орталық командасының өкілдері Н.Попандопуло, Д.Туғанов, А.Қаптағаев, Ю.Проскурня қатысып, компания қызметінде болатын өзгерістер мен трансформациялау әдіснамасы мәселелері бойынша таныстырылым өткізді.      

Кездесу соңында Компанияның Басқарма төрағасы өзінің Трансформациялауға жеке қатысу жоспарын әзірлегені және KEGOC барлық басшы қызметкерлерінің Трансфоромациялауға жеке қатысу жоспарлары бекітілгені туралы хабарлады. Үдеріске толығымен кірісу, компания қызметінің межелес бағыттарын үйлестіру, құзыретті қызметкерлерді шешімдер іздестіруге жұмылдыру мақсатында Бақытжан Қажиев бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша жұмыс топтарын құруға ұсыныс берді.

Филиалдардың басшылары аталған іс-шараға қатысуы арқылы бағыттар бойынша, БТО-мен өзара іс-қимыл бойынша функционалды топтарды осылай құра отырып, оларға нақты сұрақтар мен ұсыныстарды жібере отырып, өз жұмыстарына қатысты үдерістерді құруға белсенді қатысуға дайын екенін тағы да растады.   



..