«KEGOC» АҚ-да еңбек әулеттерінің дәстүрлі конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Қазақ

«KEGOC» АҚ-да үш жылда бір рет дәстүрлі түрде өткізілетін еңбек әулеттері конкурсының  жеңімпаздары марапатталды. Ағымдағы жылы бұл конкурсқа еңбек өтілі 46-дан 199 жылға дейінгі «KEGOC» АҚ-ның 29 әулеті қатысты. Бұл ретте бір отбасында энергетиктердің 5 ұрпағы, 18 отбасында 3 ұрпағы бар екендігі белгілі болды.

Конкурс қорытындысы бойынша, «Әулет болашағы» аталымында Алпысбаевтар әулеті жеңімпаз болып танылды. Бұл отбасында әулет негізін қалаушының кәсіби еңбегін жалғастырушы 29 жасқа дейінгі жас отбасы мүшелерінің ең көп саны бар.

«Абыройлы әулет» аталымын әулеттің төрт өкілінің жалпы жұмыс өтілі 121 жылды құрайтын Чернохаевтар әулеті иеленді.

«Ұрпақ сабақтастығы» аталымында энергетикадағы мамандық сабақтастығын көрсетуші ағайындылардың саны ең көп Әнесовтар әулеті жеңімпаз болып танылды. Әнесовтар отбасының жалпы еңбек өтілі – 150 жыл, энергетиктер ұрпағының өкілдері  - 7,3.

«Дәстүрі берік әулет» аталымында осы саладағы жұмыс өтілі 167 жылды құрайтын Ли әулеті жеңімпаз атанды.