«KEGOC» АҚ-да кадрлық тағайындаулар болды

Қазақ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне сәйкес «KEGOC» АҚ-да кадрлық тағайындаулар болды.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен 2020 жылғы 17 қаңтарда Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор лауазымына Нұрмағамбетов Жандос Демесінұлы тағайындалды.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 17 қаңтарда «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры лауазымына Қуанышбаев Жәнібек Болатбекұлы тағайындалды.

Ж.Д. Нұрмағанбетовтың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында басшылық лаузымдар атқарған 15 жылдан астам тәжірибесі бар. 2013 жылғы қыркүйектен бастап «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры лауазымын атқарды.

Ж.Б. Қуанышбаевтың еліміздің электр энергетикасы саласында 18 жылдан астам тәжірибесі бар. «KEGOC» АҚ-да 1997 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді. 2009 жылдан бастап Жүйелік қызметтер департаменті директоры лауазымын атқарды.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 14 қаңтарда Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарған Ә.Д. Қуанышбаев «KEGOC» АҚ Басқармасы құрамынан өз бастамасы бойынша шығарылды. Осыларды есепке алғанда, «KEGOC» АҚ Басқармасында қазіргі уақытта төрт адам бар - Қажиев Б.Т., Жазықбаев Б.М., Ботабеков А.Т., Сафуани Т.Е.


Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 25 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,0 ГВА болатын 80 қосалқы  электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.