«KEGOC» АҚ-да Компания филиалдарының өндірістік-қаржылық қызметі талданды

Қазақ

«KEGOC» АҚ-да Компания филиалдары, «Энергоинформ» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның өндірістік-қаржылық қызметі мәселелері бойынша кеңес өтті. 

Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиев кіріспе сөзінде кеңес қатысушыларына 2019 жылғы 8 айдың қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелері туралы ақпарат берді. 

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. Компанияны бұдан әрі технологиялық дамыту шеңберінде және технологиялық дамытуды кешенді жүргізу мақсатында «KEGOC» АҚ технологиялық дамуы және цифрландырылуының 2028 жылға дейінгі бағдарламасы әзірлене бастады. 

Қазіргі уақытта Компания 2019 жылғы жөндеу науқанын табысты аяқтауда. Филиалдардың 2019-2020 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығының актілері алынды. Компания дайындығының жалпы актісі 2019 жылғы 14 қазанда рәсімделеді.

Бақытжан Қажиев жаңа тұтынушылар іздеуді күшейту және Компания тұтынушыларына көрсетілетін қызметтерді арттыру, тиімсіз шығындарды қысқарту және арттырудың жаңа жобаларын іздеу қажеттілігіне назар аударды. 

Кеңес барысында филиал және ЕБҰ басшылары жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті және жаңа бастамаларды талқылады.