«KEGOC» АҚ-да кәсіби шеберлік жарыстары басталды

Қазақ

2019 жылғы 15 қазанда «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалы 500 кВ «Алматы» қосалқы станциясы жанындағы (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) оқу-жаттығу полигонында «KEGOC» АҚ филиалдарының саны бойынша 9 команда қатысатын ӘЖ қызмет көрсету жөніндегі электр монтерлері бригадаларының жарысы басталды.

 

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы ашылудың салтанатты рәсімінде сөйлеген сөзінде «жарыстар тұрақты негізде персоналдың кәсіби  шеберлігін арттыру, жоғары вольтты желілерде жөндеу-пайдалану жұмыстарын орындаудың алдыңғы қатарлы тәсілдері мен амалдарын тарату, жаңа құрылғылар мен құралдарды ендіру, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында өткізілетіндігін» атап өтті. 

Жарысқа қатысушыларды қазанның 15-інен бастап 17-сін қоса алғанда үш күн ішінде 6 кезеңнен өту күтіп тұр, олардың барысында нормативтік-техникалық құжаттарды білулерін және теориялық дайындықты; жапа шегушіні (манекенді) электр тогының әсерінен босатуды, оны 220 кВ ӘЖ тіреуінен түсіру және дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, тіреу аралықтары кермелерінің белгілі бір тобында әртүрлі маркалы ақаулы шыны оқшаулағыштарды ауыстыру дағдыларын; сонымен қатар 220 кВ ӘЖ анкерлік металл тіреуі сымының шлейфін арнайы құралдарды қолдана отырып, жалғау дағдыларын көрсетулері қажет болады. 

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, жарыс тек қана шеберлікті көрсету қызметін атқармайды, сонымен қатар әртүрлі филиалдардың энергетиктеріне тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді. 

Ең көп балл санын жинаған жеңімпаз команданың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы электр желілік компаниялары арасындағы кәсіби шеберліктің халықаралық біріншілігінде Қазақстан Республикасы атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болатындығы да маңызды аспект болып табылады.  

  

Компания туралы 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 25 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,0 ГВА болатын 80 қосалқы  электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.