«KEGOC» АҚ-да тұңғыш рет «КВИЗ, please!» зияткерлік ойын-сауық ойыны өтті

Қазақ

19 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы ғимаратында тұңғыш рет «КВИЗ, please!» зияткерлік ойын-сауық ойыны өтті. 

Ойынды «KEGOC» АҚ Жастар істері жөніндегі кеңесі зияткерлік қозғалысты құру және дамыту мақсатында ұйымдастырды. Ойын 7 раундтан тұрды және сайыстың тақырыбы әйгілі ғалым Никола Теслаға арналды. Зияткерлік шайқас өте тартысты өтті, сұрақ қойылған соң ойталқыға бар болғаны жарты/бір минут қана уақыт беріліп, содан соң бірден жазбаша жауап талап етілді.

Ойынға 6 команда қатысты, олар «KEGOC» АҚ, «Энергоинформ» АҚ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС қызметкерлерінен құралды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниялары қызметкерлерінен құрылған құрама командасы қатысты. 

Нәтижесінде «XD» командасы жеңімпаз атанды, ал «Спартак» командасы ІІ орынды, «5-этаж» командасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға сертификаттар мен ескерткіш сыйлықтар үлестірілді. 

Аталмыш шара «КВИЗ, please!» тимбилдингтің мінсіз нұсқасы болып табылатынын көрсетті: адамдар өз командаларының ішінде бірігуді, бірін-бірі тыңдауды, ұжымда бірігіп жұмыс істеуді және ортақ мақсатқа сайкес бірігуді үйретеді.