«KEGOC» АҚ-да үздік ұтымгерлік ұсыныстар айқындалды

Қазақ

2019 жылғы 12 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі - ҒТК) отырысы болып өтті, онда «2018 жылғы үздік ұтымгерлік ұсыныс» конкурсының нәтижелері қорытындыланды.

ҒТК мүшелері 38 ұтымгерлік ұсынысты қараған болатын, олар «KEGOC» АҚ жанындағы ҒТК Инновациялық-технологиялық даму жөніндегі комитет шешімдерімен 2018 жылғы ұтымгерлік болып танылды.   

Конкурс нәтижелері бойынша, I орын «Қосалқы станцияның қоректендіру кірмелерін жоғалту кезде қозғалтқыш жүктемесінің реактивтік қуаты ағынында АЖР-ді бұғаттау» ұтымгерлік ұсынысына берілді, оның  авторы - Кузнецов Вячеслав Николаевич.  

Бұл техникалық шешім «KEGOC» АҚ-ның Сарыбай ЖЭТ филиалында іске асырылды және 220 кВ-тық «Шығыстық» ҚС-да іске асырылған қорғаныш терминалының CFC-логикасын өзгерту жөніндегі жобаны әзірлеуге келіп тіреледі. Ол жүктеме тұтынушыларындағы шамадан тыс ажыратулардың алдын алады және Қазақстан Республикасы энергетикалық жүйесінің жұмыс сенімділігін арттырады.  

Құрметті II орын  «SIEMENS»  фирмасының 3AF0143 типті  35кВ-тық  вакуумдық ажыратқыштарды қыздырудың жетілдірілген схемасы» ұтымгерлік ұсынысына берілді, автор - Бегалинов Ербол Қабиболлұлы. 

Бұл техникалық шешім «KEGOC» АҚ-ның Ақмола ЖЭТ филиалында іске асырылды және ажыратқыш жетегін қыздыруды жаңғыртуға, TS1 термодатчигін Е15 резисторларын қосу схемасына орнатуға келіп тіреледі, ол ажыратқыш жетегінің шкафында температуралық түзімді басқаруға мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде жоғары температуралардың екіншілік тізбектеріндегі, жетек есіктерінің резеңкелі нығыздамаларындағы оқшауламаға, жетек детальдарын майлау сапасына теріс әсерін жоюға, сондай-ақ  электр энергиясының шығынан азайтуға қол жеткізілді.

III орын «220 кВ-тық ӘЖ сымдарында көктайғақты мұз түзілімдерін жоюға арналған құрылғы» ұтымгерлік ұсынысына берілді, қосарлы авторлар - Пак Олег Викторович, Әділбаев Болат Абдоллаұлы, Мұсабаев Орал Абдоллаұлы және Цой Владислав Трофимович.

Бұл техникалық шешім «KEGOC» АҚ-ның Оңтүстік ЖЭТ филиалында іске асырылды - автомобильдің арнаулы техника шатырына орнатылатын арнайы әзірленген құрылғы, ӘЖ сымдарында көктайғақты мұз түзілімдерін жою жөніндегі жұмысты жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Әзірленген техникалық шешімді қолданумен ӘЖ сымдарында көктайғақты мұз түзілімдерін жою жөніндегі жұмысты атқару бойынша қауіпсіздік техникасының деңгейін көтеруге, сондай-ақ ЭЖЖ сымдарынан көктайғақ мұзды сылып тастау процесін жеделдетуге қол жеткізілді. 

Конкурс қорытындылары бойынша жүлдері орындар алған ұтымгерлік ұсыныстар  авторларына материалдық сыйақылар төленді.