«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен Басқарма мүшелерінің компанияның ТОП-25 кадр резервімен кездесуі

Қазақ

27.11.2015

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен Басқарма мүшелерінің компанияның ТОП-25 кадр резервімен кездесуі

2015 жылдың 27 қарашасында«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен Басқарма мүшелері компанияның   ТОП-25 кадр резервімен дәстүрлі кездесуін өткізді.  

Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесіБақытжан Қажиев кездесу қатысушыларына арналған сөзінде «Қазақстан Республикасының басты электр желілік компаниясы саналатын «KEGOC» АҚ үшін  кадр резервін даярлау мәселесі Ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады» деп атап көрсетті.

«KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Бектеміров те іс-шара қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.

Үстіміздегі жылы KEGOC топ-менеджментінің  резервистермен кездесуі компания қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған «KEGOC» АҚ  Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Бұл бағдарламаның іске асырылуы компаниямыздың барлық қызмет саласына ауқымды өзгерістер енуін қажет етеді және де бұл ұтымды өзгерістер «Адамдар-Технологиялар-Процестер» парадигмасында жүзеге аспақ.

Адами ресурстарда өзгеріс болмай технологиялар да, процесстер де өзгере қоймайтындығы баршамызға белгілі.

ТОП-25 кадр резерві  дарындыларды анықтау жобасы бойынша таңдаудан өткендер қатарынан жасақталған болатын. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ пен Корпоративтік университет тарапынан қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда. Бір ай ішінде  KEGOC-тың бағалау рәсімдерінен өту үшін іріктелген 50 еңбеккерден вербальды және сандық тест, жеке сауалнама бойынша скрининг, әрі құзыреттілігі бойынша өткізілген сұхбат нәтижесінде жоғары көрсеткішке жеткен 25 еңбеккер таңдап алынды.

ТОП-25 кадр резервіне   ҰЭТ-ты дамыту департаментінің директоры Нұржан Исенов, Пайдалану департаментінің бас менеджері Бауыржан Өтеулиев, «ЖО ҰДО» филиалының бас диспетчері Бекжан Мұқатов, «Шығыс ЖЭТ» филиалы директорының экономикалық және жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәкен Қарабалаев және басқалар енді. Резервистер құрамына жуырда ЕМВА бағдарламасы бойынша «Назарбаев университеті» жанындағы Жоғары бизнес мектебін үздік бітірген «KEGOC» АҚ-ның  Экономика жөніндегі басқарушы директоры  Айбек Ботабеков те енді.

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы р., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,9 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,2 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.



http://www.kegoc.kz/en/press-center/press-releases/members-of-kegoc-board-of-directors-and-management-board-met-with-the-talent-pool-of-the-company-top/">..