«KEGOC» АҚ Энергетика жөніндегі халықаралық көрмелерге қатысты

Қазақ

29.10.2015

«KEGOC» АҚ Энергетика жөніндегі халықаралық көрмелерге қатысты

27-29 қазанда Алматыда Энергетика жөніндегі бірлескен халықаралық көрмелер өтті:

- «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машинажасау» Power Kazakhstan 2015;

- «Жарықтандыру, Жарық техникасы, Жарық диодты технологиялар» Lighting Kazakhstan 2015;

- «Жаңартылатын энергия көздері, Энергия үнемдеу, Энергия тиімділік және ресурс үнемдеу» ReEnergy Kazakhstan 2015.

Биыл бірлескен экспозициялық көрмелерге әлемнің 20 елінен келген 180-ге жуық компания қатысты. Иран, Германия, Қытай және Чех Республикасы сынды экспоненттер өз ұлттық тобын ұсынды. Әдеттегідей қатысушыларлардың көбісі – Қазақстан мен Ресейдің компаниялары.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының шара қонақтары мен қатысушыларына арналған құттықтау сөзін  «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының директоры Қайрат Қаракесеков оқыды. 

Озық өңдеу мен технологиялар қойылған үш көрменің экспозицияларына «KEGOC» АҚ үлкен қызығушылық тудырды. Өздеріңізге белгілі, «KEGOC» АҚ еліміздің экономикасын дамыту және электр энергиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа электр энергетикалық инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүзеге асырады. 2014 жылы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» мемлекеттік экономикалық саясатын жүзеге асыру шеңберінде компания «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ құрылысы» ауқымды жобасын құрайтын екі жоғары вольтті электр жеткізу желілерінің құрылысын бастады.