«KEGOC» АҚ энерго нысандары күзгі-қысқы маусымдағы жұмыстарға дайын

Қазақ

06.11.2015

«KEGOC» АҚ энерго нысандары күзгі-қысқы маусымдағы жұмыстарға дайын

         2015 жылғы 3-ші қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (ЭМ АЭҚБК) «KEGOC» АҚ-ның 2015-2016 ж. күзгі-қысқы маусымдағы жұмыстарына дайындық паспортын берді.

         Қазақстан Республикасының басты электр жүйелік компаниясының мамандары белгіленген  мерзім аралығында электр желілерін жоспарлы жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындады, құрылғылардың, материалдардың және запас бөлшектердің апаттық қорларын толықтырды, трансформатор майының және ЖЖМ (жану және жағу материалдары) қажетті запастарын жинақтады.

         Қазіргі уақытта, ұзындығы 2786,9 шақырымға созылатын 220-500 кВ электр жеткізетін 111 әуе желісіне және 220-500 кВ қосалқы станцияларының 95 құрылғы нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 



http://www.kegoc.kz/en/press-center/press-releases/kegoc-power-facilities-are-ready-for-autumn-winter-period/?clear_cache=Y">..