«KEGOC» АҚ ҚЕХС бойынша 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қаржылық нәтижелерін жариялайды

Қазақ

18.09.2014

«KEGOC» АҚ ҚЕХС бойынша 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қаржылық нәтижелерін жариялайды

Not for distribution outside Kazakhstan

Бұл баспасөз хабарламасы

Қазақстан аумағынан тысқары жерлерге таратылмайды 

Астана, 2014 жылғы 18 қыркүйек – «Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ немесе «Компания») Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) бойынша 2014 жылдың 30 маусымында аяқталатын алты ай ішіндегі аудиттелмеген шоғырландырылған  аралық қаржылық нәтижелерін жариялайды.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы  негізгі қаржылық қорытындылар:

  • Табыс 42 686 млн теңгеге жетті;
  • EBITDA 9 531 млн теңгені  құрады;
  • Операциялық пайда[1] 1 628 млн теңгені құрады;
  • Осы кезеңдегі пайда 588 млн теңгені құрады.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы  негізгі операциялық көрсеткіштер:

  • Жеткізу көлемі: 18 657 млн. кВтс;
  • Электр жеткізу желілері ұзындығының өсуі: 321,7 км.

Бақытжан Қажиев, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы,  төмендегілерді атап өтті:

“Компания 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында негізгі қызметтен түскен  пайданың айтарлықтай өскенін, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артқанын көрсетіп отыр.

«KEGOC» АҚ  нәтижелеріне  кейбір факторлар, оның ішінде, 2014 жылғы ақпанда болған теңге бағамының өзгеруі мен ауыспалы, біржолғы сипатқа ие бірқатар себептерге байланысты Компания шығыстарының өсуі кері әсерін тигізді. Десек те осы кезеңде реттеудің жаңа режиміне көшу және «KEGOC» АҚ-та жаңа есепке алу саясатының  қабылдануы Компания табысының тұрақтылығына оң ықпал етті, қолданыстағы тарифті белгілеу жүйесі шеңберінде шығысты баламалы түрле өтеуге мүмкіндік берді. Осы оң өзгерістердің арқасында «KEGOC» АҚ-ның  тұтынушыларды сенімді электр қуатымен жабдықтау жұмысын қамтамасыз етуі мен акционерлердің мүддесіне сай пайда түсіру қабілеті айтарлықтай көтерілді.

Біз  Қазақстанның Ұлттық электр торабын (ҰЭТ)  жаңғыртуға,  елімізде энергиямен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және  Қазақстан экономикасының өсуіне қолдау көрсетуге бағытталған «KEGOC» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыра бермекпіз. Аталған бағдарламаны табысты іске асыру  ұзақ мерзімді болашақта Компания  қызметінің ойдағыдай дамуына негіз болмақ.

Қазіргі уақытта Компания "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында қор нарығына шығуға дайындықты жалғастыру үстінде. Біз Қазақстан азаматтарына ел экономикасын өркендетуге инвестор ретінде қатысуға мүмкіндік беретін  бағдарламада  «KEGOC» АҚ-ның алдыңғы қатарға шығып, алғашқылардың бірі ретінде таңдалғанын мақтан тұтамыз".

2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы  негізгі қаржылық нәтижелер 

 

млн. теңгемен немесе  %

Бірінші жарты жылдық 2014 ж.

Бірінші жарты жылдық 2013 ж.

Өзгеріс 
%

Табыстар

42 686

34 977

22,0%

Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

-34 651

-26 153

32,5%

Жалпы және әкімшілік шығыстар

-6 332

-2 837

123,2%

Өткізу бойынша шығыстар

-74 386

-87 131

-14,6%

Қайта бағалаудан түскен табыс

14 194

-

н.п.

Операциялық пайда

15 822

5 899

168,2%

EBITDA*

9 531

9 512

0,2%

Есепті кезеңдегі пайда

 588

4 310

-86,4%

* EBITDA амортизацияны есепке алмағанда қызметтің өзіндік құны бойынша шығыстарды, амортизацияны есепке алмағандағы жалпы әкімшілік шығыстарды және амортизацияны есепке алмағандағы өткізу бойынша шығыстарды алып тастағандағы негізгі қызметтен түскен табыс ретінде анықталады. EBITDA ҚЕХС-та көзделмеген көрсеткіш болып табылады. Компания басшылығы EBITDA-ны қызметті бағалауға ықпал ететін пайдалы құрал ретінде қарастырады.    

 «KEGOC» АҚ-ның  негізгі қызметтен түскен табысы 2013 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 22,0%-ға өсіп, 42 686 млн. теңгеге жетті, бұл көрсеткіш:

-  электр энергиясын жеткізу  қызметінен түскен пайданың  2,2%-ға өсуі;

- электр энергиясын торапқа босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру қызметінен түскен табыстың 5,1%-ға ұлғаюы; 

- Қазақстанда  электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуге қатысты табыстың 51,2%-ға өсуі;

- сатып алынатын электр энергиясын сатудан түскен табыстың  4,4 есеге артуы және өзге табыстардың 5,4 есеге  өсуі арқасында артып отыр.

Компанияның  табысының ұлғаюына  негізінен тарифтердің өсуі арқау болды.

Операциялық табыс өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге, негізінен негізгі құралдарды  қайта бағалау  есебінен  15 822 млн. теңгеге дейін өсті. Негізгі құралдарды  қайта бағалаудан түскен  табысты есепке алмағанда операциялық пайда 1 628 млн. теңгені құрады.

EBITDA көрсеткіші 2013 жылғы 1 жарты жылдықтағы деңгейді сақтап, 9 531 млн. теңгені құрады.

«KEGOC» АҚ-ның  2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза пайдасы 86,4%-ға, 588 млн. теңгеге дейін қысқарды, бұл негізінен 2014 жылғы ақпанда болған теңге бағамының төмендеуіне, төленбеген дебиторлық берешек бойынша есептелген қордың өсуіне және корпоративтік табыс салығынан басқа салықтың артуымен байланысты болды.

Қаржылық нәтижелерге  айтарлықтай ықпал еткен  факторлар:

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында «KEGOC» АҚ-ның  қаржылық көрсеткіштеріне бірқатар факторлар әсер етті, әсіресе өткен жылдың осы кезеңіндегі 100,9 млн. тенгемен салыстырғанда, 13 367 млн. теңгеге дейін ұлғайған кері курс бағамы негіз болды. Теңге бағамының негізгі әлемдік валюталарға қатысты төмендеуіне орай Компанияның валюталық қарыздары бойынша міндеттемелерін 18 428 млн. теңге  мөлшерінде қайта бағалаудан келген шығын бұл көрсеткішке тікелей әсер етті.

Валюталық тәуекелдерді  шектеу мақсатында «KEGOC» АҚ Басқармасы  220 млн. еуро немесе 293млн. доллар шегінде  ашық валюталық  позиция  мөлшерін барынша жоғары белгілеу жөнінде шешім қабылдады.

Компанияның жалпы және әкімшілік шығыстарының  басым бөлігі «Узбекэнерго» МАК-тың өтелмеген берешегімен байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтің 8,3 есеге, 2 284 млн. теңгеге өсуі салдарынан  2,2 есеге, 6 332 млн.теңгеге артты. Қазіргі уақытта «Узбекэнерго» МАК берешегін өтеуге бағытталған барлық қажетті шаралар, оның ішінде үкіметаралық келісім деңгейіндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа жалпы және әкімшілік шығыстардың өсу серпініне корпоративтік табыс салығынан басқа салықтардың 2,5 есеге ұлғаюы ықпал етті, нәтижесінде  негізгі құралдарға қайта бағалаудың жүргізілуімен байланысты мүлік салығының өсуіне әкелді.

2013 жылғы 1 қарашадан бастап Компания негізгі құралдарды әділ құн әдісі бойынша есепке алуға көшті. Бұрын қолданылған тарихи құн әдісі Қазақстан ҰЭТ объектілерінің әділ құнын және оларды қолдануға жұмсалатын шығыстарды жете бағаламады. ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын бағалау үшін тәуелсіз бағалаушы «Делойт ТСФ» ЖШС тартылды. 2014 жылғы бірінші жарты жылдықта басқа да жиынтық табыс құрамына енген ҰЭТ объектілерін қайта бағалаудан болған құн өсімі 138 887 млн. теңгені, ал пайда мен залалдар туралы есепке енгізілген негізгі құралдарды қайта бағалаудан болған табыс 14 194 млн. теңгені құрды. Есепке алу саясатын өзгерту Компанияның қолданыстағы тариф белгілеу жүйесі шеңберінде негізгі құралдарды қолдануға жұмсалған шығыстарды баламалы түрде өтеуге мүмкіндік береді. 

Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

Өзіндік құнды құрайтындар

(млн теңге, 
% қоспағанда)

2014 ж. бірінші жарты жылдық

(аудиттелмеген)

2013 ж. бірінші жарты жылдық

(аудиттелген)

Өзгеру %

Электр энергиясының технологиялық шығысы 

10 394

9 263

+12,2%

Тозу және амортизация

7 744

3 483

+122,3%

Электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алуға жұмсалған шығыстар 

4 889

4 652

+5,1%

Еңбекақы төлеу және еңбекақы төлеумен байланысты өзге де аударымдар бойынша шығыстар 

4 741

4 338

+9,3%

Сатып алынатын электр энергиясының өзіндік құны

3 444

965

+256,9%

Пайдалану және жөндеу шығыстары 

1 883

1 763

+6,8%

Тараптық ұйымдардың күзетуіне жұмсалатын шығыстар    

455

455

0%

ТМҚ шығындары 

365

350

+4,3%

Басқалары

734

883

-16,9%

Барлығы

34 651

26 153

+32,5%



Қорытынды сумма қосу кезіндегі дөгелектеу нәтижесінде аздап өзгеруі мүмкін.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Компания көрсететін қызметтердің өзіндік құны 32,5% теңгеге, 34 651 млн. теңгеге дейін өсті, негізінен бұл көрсеткіш амортизациялық аударымдар бойынша шығыстың 2,2 есеге, сатып алынатын электр энергиясының өзіндік құнының 3,6 есеге және электр энергиясы технологиялық шығысының 12,2%-ға өсуімен байланысты болып отыр.   

Тозу мен амортизация шығындарының артуы және 2013 жылғы және 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қайта бағалаудан негізгі құралдар құнының анағұрлым артуымен түсіндіріледі. Тозу мен амортизация шығыстары факторын есепке алмағанда операциялық шығыстар 18,7%-ға, яғни 26 906 млн. теңгеге дейін артты.

Технологиялық ысыраптарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алу шығыстары 12,2%-ға өсті, бұған негізінен сатып алынатын электр энергиясы бағасының 8,9%-ға өсуі себеп болды.

Баланстың іріктелген баптары

(млн теңгемен)

2014 ж. 30 маусым

(аудиттелмеген) 

2013 ж. 31 желтоқсан

(аудиттелген)

АКТИВТЕР

 

 

Ұзақ мерзімді активтер

473 445

319 616

Негізгі құралдар

461 097

308 819

Ағымдағы активтер

55 810

47 706

Барлық активтер

529 255

367 322

КАПИТАЛ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР 

Капитал

332 198

221 181

    Резервтерді қайта бағалау қоры 

    221 986

    110 879

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

168 982

118 414

Ұзақ мерзімді қарыздар

104080

83 323

Ағымдағы міндеттемелер

28 076

27 727

Қарыздар

    13 403

    10 218

Міндеттемелердің барлығы

197 057

146 140

Капиталдар мен міндеттемелердің барлығы 

529 255

367 322










2014ж. бірінші жарты жылдықтың соңына қарай негізгі құралдар құнының айтарлықтай өсуі 153,2 млрд. теңге мөлшеріндегі қайта бағалауға негізделген. 

Компанияның жиынтық қарызы ұлттық валюта бағамына қатысты жүргізілген түзетулер салдарынан 2014 жылғы бірінші жарты жылдықта 2013 жылдың соңындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 25,6%-ға ұлғайды, негізінен Еуразия қайта құру және даму банкінің «ҰЭТ-ты жаңғырту, 2-кезең» жобасын іске асыруға берген қарыз қаражатының (13 млн теңге) және «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру» жобасын іске асыруға берген қарыз қаражатының (4 067 млн теңге), сонымен қатар Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің «Кернеуі 500, 220кВ желілері Қазақстан БЭЖ-не жалғанатын 500кВ «Алма» ҚС-ны салу» жобасын іске асыруға берген кредит қаражатының  3 863 млн. теңге мөлшерінде өсуіне байланысты  артты. 

2014 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша қарыз бен меншік капиталының ара қатысы 0,35х қолайлылық деңгейін құрады.  Компанияның тұрақты қаржылық ұстанымы жетекші халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын лояльды кредиторлармен жасалған міндеттемелердің ұзақ мерзімді болуына байланысты нығайып отыр.    

«KEGOC» АҚ-ның ҚЕХС бойынша 2014 жылғы бірінші жарты жылдықтағы шоғырландырылған аралық қаржылық есептемесінhttp://www.kegoc.kz/invest/reporting/fin  сілтемесі бойынша «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік Интернет-ресурсынан алуға болады.

Байланыс ақпараты

010016, Қазақстан Республикасы,

Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғ., 59

анықтама тел.: +7 (7172) 693-824, +7 (7172) 690-203

факс: +7 (7172) 690-455

e-mail: kegoc@kegoc.kz

Компания туралы

 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА болатын 76 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  4700  астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпаратты  www.kegoc.kz  корпоративтік Интернет-ресурсынан  алуға болады.

 

Болашаққа жасалған болжам

 

Осы мәлімдедегі кейбір пайымдаулар нақты деректерге жатпайды, бірақ болашаққа жасалған болжамды білдіреді. Осы мәлімдемедегі Компанияның проспектілеріне, жоспарларына, қаржылық жағдайына немесе коммерциялық стратегиясына қатысты кейбір пайымдаулар болашаққа жасалған болжам-мәлімдемені білдіреді. Стратегиялық жоспарларды, мақсаттарды, міндеттерді және болашақ жағдаяттар мен қызметті қоса алғандағы болашаққа жасалған барлық болжам-мәлімдеме тәуекелдерге және белгісіз жайттарға байланысты. Компания бұл мәлімдемелерді орынды деп санаса да, олар тек алдын ала бағалауды немесе болжауды ғана білдіреді және оларға сенім артуға болмайды. Компания болашаққа жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік бере алмайды. 

Мұндай болашаққа болжам жасалған мәлімдемелер дәл сол уақытқа қатысты қабылданады.   Тиісінше, Компания жаңа ақпаратқа, болашақтағы оқиғаларға немесе тағы басқа жайттардың нәтижелері бойынша оларды жаңарту немесе қайта қарау жөнінде ешқандай міндеттеме қабылдамайды.  Компания болашаққа болжам жасалған мұндай мәлімдемелерде берілген нәтижелерге қол жеткізілетініне ешқандай кепілдік бере алмайды, осындай болашаққа болжам жасалған мәлімдемелер әр жағдайға сәйкес бір ықтимал сценариді ғана білдіреді және де ол болу мүмкіндігі жоғары сценарий ретінде қаралмауы тиіс.    

 

ҚЕХС-қа негізделмеген көрсеткіштерді пайдалану

 

Осы мәлімдемеде берілгендей EBITDA амортизациялауға дейінгі қызмет көрсету шығыстары мен жалпы әкімшілік шығыстарын шегергендегі және сауда-саттық шығыстарын шегергендегі негізгі операциялық қызметтен түскен табыс ретінде анықталады. EBITDA ҚЕХС-қа сәйкес әзірлеу, ұсыну немесе даярлау талап етілмейтін Компания қызметі нәтижелерінің және өтімділіктің қосымша көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, EBITDA көрсеткіші салық салғанға дейінгі табысқа, салық салғаннан кейінгі табысқа немесе ҚЕХС-қа сәйкес жасалатын басқа да қызмет көрсеткішіне балама ретінде қарастырылмауы тиіс.    

Компанияның EBITDA ұсыну себебі Компания бұл көрсеткішті бағалы қағаздарды талдаушылар, басқа да мүдделі тұлғалар осындай эмитенттерді бағалаған кезде жиі қолданады деген болжам жасайды, олардың көпшілігі EBITDA-ны өз қаржылық нәтижелері туралы есептемеде көрсетеді. Бұған қарамастан,  EBITDA көрсеткіші талдамалы құрал ретінде белгілі бір шектеулерге ие және Компания қызметі нәтижелерінің талдауымен бірге немесе одан бөлек қарастырылмауы тиіс.   

 

This announcement is provided for general information purposes only and does not constitute an offer to sell or a solicitation of an offer to buy any Security in any jurisdiction.




[1] Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен табысты есепке алмағанда






..