«KEGOC» АҚ командасы Қазақстанда өткен 110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша халықаралық жарысында бірінші орынға ие болды.

Қазақ

«KEGOC» АҚ командасы Қазақстанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігі ХІІІ халықаралық жарысы-110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша халықаралық жарысында бірінші орынға ие болды.

Биыл жарысқа Беларусия, Грузия, Қазақстан, Ресей мен Өзбекстан елдерінің бригадалары қатысты. «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының энергетиктер бригадасы Қазақстанның намысын қорғады. Сонымен қатар, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің өкілдері жарысқа бақылаушылар ретінде қатысты. 

Жарыс «KEGOC» АҚ оқу-жаттығу полигонында (Ақмола облысы, Макинск қ.) өтті. Бригадалар төрт күннің ішінде 6 кезеңнен өтіп, мынадай қабілеттерін көрсетті:

-қолданыстағы ереже мен нұсқаулықтарды білуі;

- жабдықтарға жылу бойынша бақылау жүргізу дағдысы;

- 110 кВ ажыратқыштарға жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі дағдылары мен шеберлігі;

- 220 кВ жоғары вольттық герметикалық ендірмеге техникалық қызмет көрсетудегі дағдысы мен шеберлігі;

- КРУН-10 кВ – сыртқы қондырғының кешенді тарату құрылысымен өртті сөндіру дағдылары мен шеберлігі;

- электр тоғының әрекетінен зардап шегушіні босату және оған көмек көрсету (манекен мен реанимациялық жаттықтырғыш көмегімен) шеберлігі.

2015 жылы халықаралық жарыс Брест қаласында (Белорусь Республикасы) өткен болатын. Онда «KEGOC» АҚ командасы «Қолданыстағы ереже, нұсқаулық және қағидалар туралы білімін тексеру» кезеңінде бірінші орынды, «220 кВ ӘЖ-де У-36М түріндегі анкерлік тіректе фазаның керу бекітпесінің ПС160 №10–11 маркалы ақаулы оқшаулатқыштарды алмастыру» кезеңінде екінші орынды, «220 кВ ӘЖ-де монтаждайтын құрама саты мен басқышты қолдана отырып, ПБ220-1 түріндегі аралық тіректе фазаның ұстап тұрушы аспасында ПСД70 №12-13 маркалы ақаулы оқшаулатқыштарды алмастыру» кезеңінде үшінші орынды иелене отырып, жалпы командалық ІІ орынды жеңіп алғанын атап өткен жөн.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігінің халықаралық жарысы 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұрады. «KEGOC» АҚ энергетиктердің жарысын екінші мәрте өткізіп отыр. Алғаш рет халықаралық жарыс 2009 жылы Макинск қаласында Жүйелік оператордың базасында өткізілген болатын.

 

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы ауд., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: 
kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы

 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 24,9 мың км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.