«KEGOC» АҚ командасы Кәсіби шеберлердің халықаралық жарысында мәртебелі II орынға ие болды

Қазақ

Биыл 17 – 20 қыркүйек күндері Брест қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД қатысушы-мемлекеттерінің электр энергетика саласы персоналының кәсіби шеберлерінің XV халықаралық жарысы өтті.

Осы жылы 110 кВ және одан жоғары ӘЖ жөндеу және қызмет көрсету бойынша өз шеберлігін Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан электр желілік компанияларының бригадалары көрсетті. 

Төрт күн ішінде бриагадалар 7 кезеңнен өтті. Кезеңдерден өтулеріне қарай олар қолданыстағы салалық қағидаларды, нұсқаулықтарды және нормаларды білулерін, жапа шегушіні электр тогының әсерінен босатуды және жапа шегушіге көмек көрсетуді, 110 кВ ӘЖ шолу өткізу біліктілігін, сонымен қатар сым жерге құлаған кезде 35 кВ ӘЖ күзету аймағында өрт ошағын жою біліктілігін көрсетті. 

Жарыс барысында энергетиктер арнайы құралдардың көмегімен ақауы бар РГ-2-400 маркалы 330 кВ ӘЖ арналған ара қашықтықтан басқарылатын кермені ауыстыруды,  ПСД70 № 12-13 маркалы 220 кВ ӘЖ 220-1 ПБ үлгідегі аралық тіреудегі қолдаушы аспада ақаулы оқшаулағыштарды ауыстыруды және АС 300/39 маркалы сымның 330 кВ ӘЖ анкерлік металл тіреуінің шлейфін жалғауды сонымен қатар көрсетті.

Жиналған ұпайлардың жалпы сомасының қорытындылары бойынша құрамында шеберлер Юрий Филатов және Арман Абилов, электр монтерлер Алмат  Шоқанов, Медет Мұқанғалиев және Николай Юденков бар  «KEGOC» АҚ бригадасы тек жарыс иелері - «Брестэнерго» РУК-і «Белэнерго» МӨБ-і «Барановичские электрические сети» филиалының бригадасынан ғана жеңіліс таба отырып, екінші орын алды.

ТМД қатысушы-мемлекеттерінің электр энергетика саласы персоналының кәсіби шеберлерінің халықаралық жарысы 2004 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Аталған жарыс тек қана персоналдың кәсіби дайындығы деңгейін және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп қоймайды, сонымен қатар алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасатын және ТМД қатысушы-мемлекеттер энергетиктерінің дәстүрлі кәсіби байланыстарын нығайтатын алаң болып табылады.