«KEGOC» АҚ КТК (КВН) өткізу арқылы мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуда

Қазақ

«KEGOC» АҚ КТК (КВН) өткізу арқылы мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуда

30 қазанда «KEGOC» АҚ Көңілділер мен тапқырлар клубының (КТК) кезекті дәстүрлі байқауы өтті. Аталған шараның мақсаты компания мен оның еншілес ұйымдарындағы қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді дәріптеу болып табылады. Биыл «Бағымыз – бейбітшілікте, берекеміз – бірлікте» атты тақырыбында өткен шараға Атқарушы дирекция, ЖО ҰДО, «Ақмола ЖЭТ», «Қарағанды ЖЭТ» филиалдары, сондай-ақ еншілес мекеме – «Энергоинформ» АҚ атынан құрылған 5 құрама командасы қатысты.

Атап айтатын жайт, биыл көңілділер мен тапқырлар клубының шығармашылығын құрамында компания өкілдерінің басқа «Жас Отан» жастар қанаты кеңесінің мүшесі Ақерке Жұманбай, «Қазақстанның КТК одағы» жастар қоғамдық ұйымының өкілдері Ғалымжан Кеңшілік және Мәди Әбдіғалиев секілді арнайы шақырылған тәуелсіз сарапшылар бар қазылар алқасы бағалады. 

Ойын бағдарламасы «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап», «Бір ән байқауы» және «Үй тапсырмасы» сынды 4 байқаудан тұрды. Әр байқау әртістік шеберлік, тақырыпқа сай болу, сценарнийдің қайталанбауы, музыкалық әрлеу және т.б. критерийлер бойынша қазылар алқасы берген ұпай санымен бағаланды.  

Қазылар алқасы таңдаған форматына сәйкес командалар дайындығының жоғары деңгейін, сондай-ақ байқау барысында жанкүйерлердің сүйікті командаларына көрсеткен белсенді қолдау-қолпаштауларын есепке алып отырды. 

Ұпай санының қортындысы бойынша бірінші орынды «Энергоинформ» АҚ командасы иеленді. Екінші орында – Атқарушы дирекция командасы, үшінші орында – «Орталық ЖЭТ» филиалы командасы. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.                                      

«KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білуге ынталандыратын байқау жыл сайын өткізіледі және ұжымда мемлекеттік тілді дәріптеу мен дамытуға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңйтуге, сондай-ақ компания қызметкерлерінің корпоративтік жігерін арттыруға бағытталған.      

  http://jaidarman.kz/?p=2451