«KEGOC» АҚ қызметкері (марқұм) «Үздік маман» атанды

Қазақ

2020 жылы Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы ұйымдастырған «Үздік маман» байқауының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының сынақ және диагностика қызметінің бұрынғы бастығы-марқұм Андрей Иванович Адамов жеңімпаз атанды.

Өкінішке орай, Андрей Иванович өткен жылдың соңында, байқау нәтижесі шығарылғанға дейін қайтыс болды.

2021 жылғы 29 наурызда марапат марқұмның жары Ирина Чермашенцеваға тапсырылды, ол Адамовтар отбасы атынан «KEGOC» АҚ басшылығына және ұжымына Андрей Ивановичтің еңбегін қолдағаны және жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді.

Андрей Ивановичтің электрэнергетика саласына сіңірген еңбегі зор, соның ішінде ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі және ірі энергетиктер әулетінің өкілі болғанын атап өткен жөн. Адамовтар отбасының электр энергетикасы саласындағы жалпы еңбек өтілі шамамен 150 жылды құрайды.

Андрей Иванович бірінші дәрежелі маман ретінде әріптестерінің есінде қалды, ол қызметтік міндеттерінен бөлек қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысатын: 2006 және 2009 жылдары халықаралық жарыстарға қатысқан энергетиктер бригадасын дайындауға көмектесті, ғылыммен шұғылданды, «Энерготехникалық сала қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» филиалының кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Аталмыш байқауға KEGOC-тың мыңдаған қызметкерлері арасынан осындай белсенді тұлғаның кандидатурасы ұсынылды.

«KEGOC» АҚ ұжымы Андрей Ивановичтің жарқын бейнесі әріптестерінің есінде мәңгілік сақталады, марқұмның кәсіби жетістіктерін мақтан тұтып, құрмет көрсетеді.