«KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында өткен спартакиада нәтижелері

Қазақ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және «KEGOC» АҚ-ның 20-жылдығына арналған«KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында өткен 10-шы спартакиаданың жалпы командалық есепке алу нәтижелері бойынша «Алматы ЖЭТ» филиалының құрама командасы жеңіске жетті.

Спорттық жарыс 2017 жылдың 24-25 қарашасында Қарағанды қаласында өтті.

Екі күн бойы KEGOC Атқарушы дирекциясы, Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО), тоғыз аймақтық филиал, сонымен қатар «Энергоинформ» АҚ еншілес компаниясының қызметкерлерінен құралған 12 команда үздік атану үшін келесі спорт түрлерінен сайысқа түсті: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг және шахмат.

Ымырасыз спорттық жарыстың нәтижесінде бірінші жалпыкомандалық орынға «Алматы ЖЭТ» филиалының спортшылары ие болды. Екінші орынды «Солтүстік ЖЭТ», үшінші орынды «Шығыс ЖЭТ» филиалының командасы иеленді.

Жеке және командалық есептегі жалпы нәтижелер:

Футбол

1-орын- Солтүстік ЖЭТ

2-орын- Шығыс ЖЭТ

3-орынОрталық ЖЭТ

Волейбол

1-орын- Солтүстік ЖЭТ

2-орын– Алматы ЖЭТ

3-орын- Орталық ЖЭТ

Ер адамдар арасындағы шахмат

1-орын Мажиков Тимур – Шығыс ЖЭТ

2-орын Моисеенко Сергей – Сарыбай ЖЭТ

3-орын Бактыбаев Баянбек – Ақмола ЖЭТ

Әйел адамдар арасындағы шахмат

1-орын Рыспаева Қымбат – Алматы ЖЭТ

2-орын Нұрғазиева Саягүл – Актөбе ЖЭТ

3-орын Новицкая Маргарита – Оңтүстік ЖЭТ

Ер адамдар арасындағы үстел теннисі

1-орын  Утешев Ахметжан – Ақмола ЖЭТ

2-орын Аринов Аман – «Эненргоинформ»АҚ

3-орын Жураковский Петр – Орталық ЖЭТ

Әйел адамдар арасындағы үстел теннисі

1-орын Поспелова Инна – Сарыбай ЖЭТ

2-орын Мигданова Шолпан – Алматы ЖЭТ

3-орын Ахметова Айсулу – Солтүстік ЖЭТ

Әйел адамдар арасындағы армреслинг (65 кг-ға дейінгі салмақта)

1-орын Гончарева Ирина – Солтүстік ЖЭТ

2-орын Малышева Ольга – Шығыс ЖЭТ

3-орын Сыздыкова Анель - ҰДО

Әйел адамдар арасындағы армреслинг (65 кг-дан жоғары          салмақта)

1-орын Матвеева Анастасия – Шығыс ЖЭТ

2-орын Тарасова Александра - ҰДО

3-орын Лисицкая Наталья – Ақмола ЖЭТ

Ер адамдар арасындағы армреслинг (80 кг-ға дейінгі салмақта)

1-орын Латнер Евгений – Сарыбай ЖЭТ

2-орын Калашников Александр – Алматы ЖЭТ

3-орын Дейнего Иван - АД

Ер адамдар арасындағы армреслинг (80 кг-дан жоғары салмақта)

1-орын Маламанов Даур – Алматы ЖЭТ

2-орын Толыкбаев Бауржан - АД

3-орын Кобцев Юрий – Орталық ЖЭТ

 

Компания басшылығының айтуынша, бұндай спорттық іс-шараларды өткізу KEGOC-тың әлеуметтік саясатының басым бағыттарын жүзеге асыруға, сонымен қатар ұжымда салауатты өмір салтын және корпоративтік достықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұндай іс-шаралар халық, кең жұртшылық арасында спорттық іс-шараларды және салауатты өмір салтын насихаттаудың, және де жеке спорт түрлерін ары қарай дәріптеудің жақсы жолы болып табылады.

Спорттық жарыстар барысында аймақтық филиалдардың өкілдері арасында келесі спартакиаданы өткізу құқығына ие болу үшін жеребе тасталды. «KEGOC» АҚ-ның 11-ші спартакиадасының қатысушыларын қабылдау құқығына Рудный қ. «Сарыбай ЖЭТ» филиалы ие болды.

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады, Ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компания балансында кернеуі 0,4-1150 кВ ұзындығы 25 000 км электр жеткізу желілері және ҰЭЖ құрайтын қуаттылығы 36,7 ГВА трансформаторлар орнатылған 78 электр қосалқы станциялары бар. Компанияда 4,7 мың адам қызмет етеді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.