«KEGOC» АҚ қызметкерлері «Баланы мектепке даярлаймыз» қайырымдылық акциясына қатысты

Қазақ

«Бақытты балалық шақ» партиялық жобасын жүзеге асыру барысында «KEGOC» АҚ қызметкерлері жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлаймыз» қайырылымдылық акциясына белсене қатысып, шара барысында материалдық жағдайы төмен және көпбалалы отбасы балалардың, жетім балалардың, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке қажетті оқу-құралдарын алуына материалдық қолдау көрсетті.

Компания қызметкерлері жалпы құны 428 100 теңге болатын аспалы сөмкелер мен оқушыға қажетті кеңсе тауарларының стандарттық жинақтарынан тұратын 30 дана жиынтық алуға ат салысты. 

Аспалы сөмкелерді тапсыру тамыздың 26-сы күні «Арсенал» кинотеатрында өтті. Табыстау салтанатына компания атынан «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Ақмола ЖЭТ» филиалының директоры Жаңабай Алшынбеков қатысты.