«KEGOC» АҚ қызметкерлері екі астаналық балабақшаның аумағын қардан тазартуға көмек көрсетті

Қазақ

«KEGOC» АҚ қызметкерлері «Бiз бiргемiз» челленджін қолдады. 25 қаңтарда компанияның қызметкерлері астананың Сарыарқа ауданында орналасқан «Гауһар» балабақшасының аумағының қарын күреді.

Қардың қалың жаууына байланысты орын алған күрделі жағдайды есепке ала отырып, Қазақстанның бас электр желілік компаниясының ұжымы тағы да бір мектепке дейінгі мекемеге көмек көрсетуді шешті. 28 қаңтарда Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиев бастаған компания қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданындағы «Алматы-2» балабақшасының аумағын қардан тазартты.