«KEGOC» АҚ қызметкерлері «Nur Otan» партиясындағы белсенді жұмыстары үшін мадақталды

Қазақ

«Nur Otan» партиясының астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов 21 қарашада «KEGOC» АҚ бастауыш партиялық ұйымымен кездесті. Бастауыш мүшелерімен кездесу барысында Компания қызметкерлері - «Nur Otan» партиясының мүшелерінің белсенді жұмысын атап өтті. Ең белсенділері алғыс хаттарымен марапатталды. Атап айтқанда партиялық бағдарламалары мен жобаларын сәтті іске асырғаны үшін партия мүшелері Нияз Алпысбаев, Светлана Веревка, Еркебұлан Смаков, Рашид Камитбек және Вячеслав Стребковқа алғыс хаттар табысталды.