«KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды

Қазақ

25.12.2013

«KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды

Сейсенбіде, «Энерготехкәсіподақ» ҚБ еңбеккерлері кәсіби бірлестігінің есептік-сайлау кәсіподақ конференциясында 2014-2018 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды. 

Шартқа ҚР  еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық қырларын ескеретін өзгерістер, ұжымдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар енгізілді. Шартта алғаш рет ұжымдық шартқа қосылу рәсімдері қарастырылғанын, сондай-ақ еңбек тәртібі ережелерін реттеу, оның ішінде әлеуметтік демалыс кезеңіндегі демалыс уақыты, еңбекақы, әлеуметтік кепілдемелер мен өтемақылар беру мәселелері ескерілгенін, қызметкерлерді қолдау және кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралардың нақтыланғанын атап өткен жөн. 

Тұтастай алғанда, ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі шараларды жетілдіруге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және «KEGOC» АҚ  жұмыскерлерінің қызметін басқаруға бағытталған. 

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіру және корпоративтік әлеуметтік міндеттерді шешу мақсатында «KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2003 жылдан бастап өзара түсіністік пен сенімге негізделген Ұжымдық шартқа қол қойылып келеді.