«KEGOC» АҚ-ның электр желілік объектілері күз-қыс мезгілдеріндегі жұмысқа дайын

Қазақ

«KEGOC» АҚ 2016-2017 жж. күз-қыс мезгілдерінен сәтті өту үшін электр желілік объектілерді дайындау бойынша 2016 жылғы жөндеу компаниясын сәтті аяқтады. Қосалқы станциялардың әуелік электр жеткізу желілері мен жабдықтарындағы барлық жоспарлы жұмыстар орындалды, жабдықтардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың авариялық қоры жиынтықталды, жанар-жағар май материалдарының қажетті қоры құрылды, «KEGOC» АҚ-ның электр желілеріне қызмет көрсететін арнайы техника мен бригадалардың дайындығы қамтамасыз етілді. 

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ның 2016-2017 жж. күз-қыс жағдайларындағы жұмысына №82 дайындық паспортын берді.