«KEGOC» АҚ-ның «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу аясында қор нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесуі туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақ

16.09.2014

«KEGOC» АҚ-ның «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу аясында қор нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесуі туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Not for distribution outside Kazakhstan

Бұл баспасөз хабарламасы

Қазақстан аумағынан тысқары жерлерге таратылмайды

             Астана қ.                                                                                                   16.09.2014ж.

           2014 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақстан электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Б.Т.Қажиевтің қазақстандық қор нарығының кәсіби қатысушылары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен брокерлік компаниялардың өкілдерімен кездесуі өтті.

            Аталған шара «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларын қор нарығына орналастырудағы дайындық жұмыстары кезеңдерінің бірі болып табылады. 

            Кездесу барысында қазақстандық қор нарығының кәсіби қатысушылары назарына орналастыру басталғанға дейін жарияланбайтын, акция құнының болжамдық деңгейін анықтауға және оларды сатып алуға ынталы тұлғаларға ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін Компания қызметі туралы бастапқы ақпарат ұсынылды. 

         Барлық ықтимал инвесторлар үшін тең дәрежедегі қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, акциялар саны, құны және оларды орналастыру шарттары  орналастыру басталған сәтте жария етілетін болады.   

 

Компания туралы ақпарат

 

«KEGOC» АҚ Қазақстанның Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА болатын  76 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  4700  астам адам жұмыс істейді. Толық  ақпаратты www.kegoc.kz  сайтынан алуға болады.

Баспасөзбен байланыс 

тел.: +7 (7172) 69-01-61

pressa@kegoc.kz

 

This announcement is provided for general information purposes only and does not constitute an offer to sell or a solicitation of an offer to buy any Security in any jurisdiction.

Бұл баспасөз хабарламасы ақпарат беру мақсатында ұсынылып отыр және кез келген құзіретте кез келген құнды қағаздарды сатып алуды ұсыну немесе сатып алуға ұсыным беру болып табылмайды.

  



..