«KEGOC» АҚ Павлодар қаласында қоғамдық тыңдаулар өткізді

Қазақ

2016 жылғы 8 шілдеде «KEGOC» АҚ Павлодар қаласында «Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасының ТЭН-не түзету енгізу»  жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.                                    Қоғамдық тыңдауларға БАҚ, Павлодар облысы әкімдігі, Ертіс бассейн инспекциясы, Павлодар ауданы мен Ақсу қ. атқарушы органдарының өкілдері және өзге де қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты. «KEGOC» АҚ мамандары жергілікті қоғам өкілдеріне мейлінше толық жауаптар берген презентацияны ұсынды.                                                                              

«Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасы Павлодар қ. тұтынушыларын электр энергиясымен қамту сенімділігін және Қазақстанның БЭЖ-і электр станцияларының қуатын беруін қамтамасыз етеді.  Әкімшілік тұрғыда алғанда әуе желілерінің трассасы Павлодар облысы аумағын қамтиды. Жоба объектілері ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағына орналастырылмаған. 220 кВ электр жеткізу желілерін салу және электр жеткізу желілерді қайта қалпына келтіру, қосалқы станцияларды кеңейту барысында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар қоршаған ортаға әсер мөлшерін азайтады.  

Жобаның құны – ұлттық валютаның айырбас бағамының өзгеруін есепке алғанда 8,57 млрд. теңге, жүзеге асыру мерзімі – 2011-2017 жылдар. Қаржыландыру «KEGOC» АҚ өз қаражаты есебінде жүзеге асыру болжанып отыр.

Тыңдаулар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жобаның ТЭО материалдары және қоршаған ортаға әсерінің болжамдық бағалау бойынша өтуде.

 

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы р., Астана қ.,

Қазақстан Республикасы, 010010

Тел.: +7 (7172) 690-161

Факс: +7 (7172) 690-438

e-mail: kegoc@kegoc.kz 

 

Компания туралы 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,9 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,2 ГВА болатын  77 қосалқы  электр станциясы бар. Компанияда ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz орналастырылған.