«KEGOC» АҚ спортшылары «Самұрық-Қазына» АҚ VI Спартакиада қорытындысы бойынша 2 алтын мен бір қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақ

2019 жылғы 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз айдынында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында VI Спартакиадасының Суперфиналы өтті. 

«KEGOC» АҚ атынан Солтүстік-Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Батыс өңірлерінде спорттың 8 түрінен (мини-футбол, волейбол, стритбол, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, киберспорт (Counter-Strike 1.6) және тоғызқұмалақ) өткен бірінші кезеңдік аймақтық жарыстарда үздік деп танылған 123 қызметкер қатысты.

Көрермендер трибунасынан KEGOC атынан келген жанкүйерлер саны көп болғанын ерекше атап өткен жөн. Спортқа бей-жай қарамайтын Компания қызметкерлері әріптестеріне қолдау білдіру үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз айдынында көптеп жиналды. 

Бәсекелі жарыста жүлделі І орынға ие болған спортшылар:

- Ирина Гончарова («KEGOC» АҚ Сарыбай ЖЭТ филиалы) – 65 кг. дейін әйелдер арасындағы армрестлинг бойынша;

- Қымбат Рыспаева («KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалы) – әйелдер арасындағы шахмат бойынша.

Бұдан бөлек, 85 кг. дейін ерлер арасындағы армрестлингтен Александр Калашников («KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалы) қола жүлдесінің иегері атанды.