«KEGOC» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу қызметіне тарифті азайту туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақ

20.03.2015

«KEGOC» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу қызметіне тарифті азайту туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«KEGOC» АҚ 2015 жылғы 1 сәуірден бастап «KEGOC» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу қызметіне белгіленген тарифті 1,954-тен 1,943 теңге/кВтс-қа дейін азайтады. Тарифті азайту деңгейі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетімен (бұдан әрі - ТМРжБҚК) келісілді.
Бұрын белгілі болғандай, ағымдағы айдың басында ҚР Ұлттық экономика министрлігі электр энергиясына арналған тарифті азайту туралы жариялаған болатын.
1-ші кезеңде электрмен жабдықтаушы ұйымдардың «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-ның ақырғы бағасын 8,8-ден 8,65 теңге/1 кВтс-қа дейін төмендету есебінен азайтылады деп жарияланған болатын.
2-ші кезеңде «KEGOC» АҚ-ның, ӨЭК пен энергия жеткізуші ұйымдардың тарифтерін төмендету жоспарланған.
Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі ТМРжБҚК-н Екібастұз МАЭС-1 электр энергиясының босату бағасын 8,8-ден 8,65 теңге/1 кВтс-қа дейін азайтатынын хабарлады.
Осыған байланысты, «KEGOC» АҚ тұтынушыларына «KEGOC» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу қызметіне белгіленген қолданыстағы тарифте МАЭС-1-дің босату бағасын азайтудан, ысыраптарды өтеуге арналған шығындарды кемітуден болған нәтижені өтеуді есепке алу мақсатында KEGOC МАЭС-1-ден электр энергиясын 8,65 теңге/кВтс бағасы бойынша сатып алуға арналған шығындарға қайта есептеу жүргізді. Содан соң компанияның тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу қызметіне белгіленген тарифті 1,954-тен 1,943 теңге/кВтс-қа дейін азайту туралы шешім қабылданды. 


Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғылы, 59, Алматы р., Астана қ., Қазақстан Республикасы, 010010 Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203 Факс: +7 (7172) 690-455 e-mail: kegoc@kegoc.kz


Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын 77 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz орналастырылған.