«KEGOC» АҚ-тың 2011 жыл ішіндегі қызмет қортындылары туралы

Қазақ

31.01.2012

«KEGOC» АҚ-тың 2011 жыл ішіндегі қызмет қортындылары туралы

Қазақстандағы электр энергетика саласының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан БЭЖ-дегі ЖО ҰДО деректері бойынша 2011 жылы  электр энергиясын тұтыну 88,11 млрд. кВтс; өндіру – 86,20 млрд. кВтс құрады. 2010 жылға қарағанда электр тұтыну 5,2%-ға, өндіру 4,7%-ға өсті. Электр энергиясының экспорты - 1,8 млрд.кВтс (ұлғаю 0,8 млрд.кВтс немесе 84%), импорт 3,7 млрд.кВтс. (+ 1,3 млрд.кВтч  немесе 52%)
Оралымды көрсеткіштер  
2011 жылы «KEGOC» АҚ-тың электр энергиясын жеткізу жөніндегі ісметтер көлемі 18,3%-ға өсті және 41,04 млрд.кВт•с құрады  (2010 ж. нақты  34,697 млрд.кВт•с). 
Техникалық диспетчерлеу жөніндегі көрсетілген қызметтер көлемі 6,4%-ға, 80,81 млрд. кВтс ұлғайтылды,  электр энергиясын тұтынуды теңгерімдеу жөнінде - 5,4%-ға, 145,9 млрд.кВт•с (2010 ж. - 138,3 млрд. кВтс). Көрсеткіштердің өсуі Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын тұтыну мен Ресей Федерациясынан электр энергиясы транзиті көлемінің ұлғайтылуына байланысты.
Қаржылық көрсеткіштер
Компанияның 2011 жыл ішіндегі кірістері 64,8 миллиард теңгені құрады және 2010 ж. деңгейіне қарағанда 29%-ға немесе 14,6 млрд. теңгеге өсті. Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне Қазақстан БЭЖ-дегі электр энергиясын өндіру-тұтынудың жалпы ұлғайтылу үрдісі  жағымды ықпал етті.
Қазақстандық сатып алу мазмұны
Компания жұмыстардың, тауарлар мен ісметтердің қазақстандық мазмұнын ұлғайту жөнінде жүйелі жұмысын жалғастырды. Мөлшері 33 млрд. теңгелік жалпы сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн 19 млрд. теңгені немесе 60% құрады. 
Қазақстан ҰЭТ-н дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру 
Дамытуға арналған шығындар (инвестициялар)  2011 жылы 18 млрд.  теңгеге жетті. «ҰЭТ жаңғырту, 2-кезең» жобасы бойынша 55 қосалқы станцияны жаңғырту жүргізуге келісім-шарттар жасалды. Тексеріп зерттеу аяқталды, барлық объектер бойынша толық көлемде іздестіру жұмыстары атқарылды. 
«Мойнақ ГЭС-нің қуатын беру» жобасы бойынша негізгі жұмыстар көлемі атқарылды, қазіргі уақытта 220 кВ-тық  «Мойнақ ГЭС АТҚ – 220кВ Робот ҚС» ӘЖ телімінде құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталуда. 
«Кернеуі 500кВ, 220кВ желілер арқылы Қазақстан ҰЭТ-на жалғанумен Алма ҚС құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі. 
«500/220/110/10 кВ ЦГПП ҚС-н қайта құру» объектісі бойынша АТ-125 трансформаторын қуаты 250 МВА трансформаторына алмастыру атқарылды.

Стратегиялық даму 
2011 жылы компания мамандары «Электр энергетикасы, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық қызметі және реттемелі нарық мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасының негізгі ережелерін әзірлеуге және ұсынуға белсене қатысты. Түзетулер Қазақстанда электр қуаты нарығының пайда болуын реттелімдейді. 
2011 жылы «Қазақстан Республикасының электр энергетикалық саласын 2030 жылға дейін дамытудың шеберлік жоспары» әзірленді. Қазақстан Республикасының энергоэкологиялық экономикаға көшуін жүзеге асыру үшін  энергетикадағы инновациялық түрлендірудің негізгі ұстанымдарын құру шеберлік жоспарының басты міндеті болып табылады.  Басымдылық инновациялық технологияларды ендіруге беріледі, бұл энергиямен жабдықтаудың сапасын, қоршаған ортаның экологиясын жақсартады және бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Әзірленген шеберлік жоспары электр энергетикасының негізгі қырларын көрсетеді және саланы 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасы үшін база ретінде пайдаланылуы мүмкін.



БЭЖ – біртұтас электр энергетикалық жүйе
ЖО ҰДО – Жүйелік оператордың ұлттық дипетчерлік орталығы
ҰЭТ – Ұлттық электр торабы
АТҚ – ашық тарқату құрылғысы
АТ - автотрансформатор
ЦГПП – түрлендіргіш түрі