KEGOC» АҚ Жамбыл облысында болған табиғи апаттан соң энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруде

Қазақ

«Үкімет  комиссиясының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде компанияның авариялық-жөндеу бригадаларының күшімен бүгінгі сағат  04.00-де (Астана уақыты) «Қаратау» ҚС-да энергиямен жабдықтау жұмысы қалпына келді, ал сағ. 5.00-де Жаңатас қ.-на жақын орналасқан «Тіректік» («Опорная») ҚС-на кернеу берілді.

Жамбыл  облысындағы апат салдарын жоюға «KEGOC» АҚ-ның  Оңтүстік, Ақмола, Орталық, Алматы және Солтүстік ЖЭТ филиалдарының 60  қызметкері мен 30 техникасы іске жұмылдырылды.

Өткен демалыс күндері ауа райы күрт өзгеріп, аса күшті жел соқты, соның салдарынан Жамбыл  облысында энергиямен жабдықтау желілері апатқа ұшырап, «KEGOC» АҚ-ның  220 кВ-тық өңіраралық желілерінің 40-қа жуық тірегі құлады, оның ішінде Қаратау, Жаңатас қалаларын  электр қуатымен қамтамасыз ететін тораптары да болатын.