«KEGOC» АҚ жаңа желілері Жамбыл және Түркістан энергия тораптарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырды

Қазақ

«KEGOC» АҚ «ҰЭТ-ны жаңғырту, ІІ кезеңі» жобасы аясында Түлкібас-тартым қосалқы станциясы мен Бурное-тартым қосалқы станциясы арасындағы 220 кВ ӘЖ құрылысын сәтті аяқтады. Аталмыш жоба Жамбыл және Түркістан энергия тораптарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруда үлкен рөл атқарады. «Түлкібас-Бурное» 220 кВ ӘЖ жалпы ұзындығы – 61,3 шақырымды құрайды. 

Түлкібас-Бурное 220 кВ ӘЖ іске қосу 220 кВ-тық Кеңтау-Қаратау және Шымкент-Жамбыл, 500 кВ-тық Ж-5169 Шымкент-Жамбыл транзиттері бойынша   әуе желілерін жөндеу жұмыстарына шығару мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырды. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Оңтүстік аймағында электр энергиясын өткізу қабілетін арттырды.

Бұл жобаны іске асырғанға дейін, қуаты 220 кВ Қызылсай-тартым, Түлкібас-тартым және Бурное-тартым электрлендірілген поездарды электрмен жабдықтау сенімділігін айтарлықтай төмендететін біржақты қуат беру көзі арқылы жұмыс істеп келген болатын. 220 кВ «Түлкібас-Бурное» ӘЖ  іске қосылғаннан кейін жоғарыда айтылған тартым қосалқы станциялары электрмен жабдықтауды екі тәуелсіз бағыт бойынша жүзеге асырады. 

Қазіргі кезде барлық құрылыстық-монтаждық жұмыстары аяқталды, 220 кВ «Түлкібас-Бурное» ӘЖ қалыпты кернеуге қосылды.