«KEGOC» АҚ Жоғары кернеулі үлкен электр желілері бойынша халықаралық кеңестің (CIGRE) мүшесі болды

Қазақ

2016 жылғы шілдеде «KEGOC» АҚ Жоғары кернеулі үлкен электр желілері бойынша халықаралық кеңестің (Conseil International des Grands Réseaux Électriques – CIGRE) мүшесі болды. 1921 жылы Францияда құрылған, бүгінгі таңда CIGRE әлемнің көптеген елдерінде саланы дамыту стратегиясын құруға әсері мол, энергетикадағы беделі жоғары және маңызды халықаралық ғылыми-техникалық қауымдастықтардың бірі болып табылады.  

CIGRE негізгі мақсаты – зерттеулерді үйлестіру, электр энергетикалық жүйелердің жұмыс істеуі мәселелері жөніндегі тәжірибе мен ғылыми-техникалық ақпарат алмасу.

Бүгінгі таңда электр энергетикасының барлық салаларында жұмыс істеп келе жатқан 1000-нан астам ұйымдар мен 6000-нан астам сарапшылар CIGRE мүшелері болып табылады.      

 

CIGRE ресми сайтыwww.cigre.org  

 

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Қызметінің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 24,9 мың км, кернеуі 35-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА болатын 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейдіКомпания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz