«KEGOC» АҚ жөндеу науқанын аяқтап жатқандығы және күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық төлқұжатын алуға шығатындығы туралы

Қазақ

«KEGOC» АҚ Ұлттық электр тораптарындағы (ҰЭТ) энергия объектілерінде жөндеу және профилактикалық жұмыстарды аяқтап жатыр және 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде жұмысқа дайындық төлқұжатын алуды жоспарлауда. 

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-да ҚР ҰЭТ энергия объектілерінің қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын тексеру жөніндегі комиссия құрылды және жұмыс істеуде. 2019 жылғы 4 қазанға дейін Компанияның барлық тоғыз филиалы Комиссияға Филиалдардың дайындығының тиісті актілерін ұсынулары қажет болады. «KEGOC» АҚ-ның 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығының жалпы дайындық актісін 2019 жылғы 14 қазанға дейін жасау жоспарлануда.

Осы кезеңге таяу тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтау мақсатында 1,7 млрд теңгеден астам сомаға 610 электр желілік шаруашылық объектіні жөндеу аяқталады. Соның ішінде 3000 километрден астам 220-1150 кВ кернеулі әуелік электр жеткізу желілері; қосалқы станция жабдығының 40-тан астам бірлігі, автокөлік және арнайы механизмдердің 350-ден астам бірлігі, сонымен қатар 100-ден астам ғимараттар мен құрылыстар. 

Бұл тапсырманы орындау үшін Компанияның қажетті қорғаныс құралдары, арнайы киім, құралдар және құрылғылармен жабдықталған білікті персоналы жұмылдырылды. Жөндеу науқаны барысында қауіпсіздік техникасының қатаң сақталуына ерекше назар аударылады. Жөндеу бригадалары қажетті қосалқы бөліктермен және материалдармен  қамтамасыз етілді.  Аварияны жою үшін шұғыл шығу жағдайына қажетті тұрақты дайындықтағы автокөлік және арнайы механизмдер бар, жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры құрылды.

Қосалқы станциялардың негізгі жабдықтары мен электр жеткізу желілерін жөндеу электр желісінің режимдері мен жүктеменің берілген параметрлерін есепке ала отырып, Жүйелік оператормен келісілген ажыратулар графигіне сәйкес жүргізілді. Графикке сай жөндеу жұмыстары сәуірден бастап қыркүйекке дейінгі аралықта жүргізіледі.