«KEGOC» акционерлерінің назарына

Қазақ

Осы арқылы «KEGOC» АҚ акционерлеріне «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 23-бабы 4-тармағына сай дивидендтерді төлеу жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы хабарлаймыз. Тиісінше, «KEGOC» АҚ акционерлеріне 2019 жыл қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеу мерзімі (Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысымен қабылданды 2019 жылғы 25 қазандағы №14 хаттама) 2019 жылғы 1 тамызда өтеді, бұл ретте «KEGOC» АҚ 2019 жылғы 11 қарашаға дейінгі мерзімде өткізуді жоспарлап отыр. 

«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленуі тиіс қаражаттың жалпы сомасы – 17 464 106 633,70 (он жеті миллиард төрт жүз алпыс төрт миллион жүз алты мың алты жүз отыз үш) теңге жетпіс тиын, бұл 20 937 688 063,30 (жиырма миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион алты жүз сексен сегіз мың алпыс үш) теңге отыз тиын мөлшеріндегі 2019 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша бұрын төленген дивидендтерді шегергенде «KEGOC» АҚ-ның 2019 жылғы таза кірісінің 77,36% құрайды.

Бір жай акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері – 67,17 (алпыс жеті) теңге он жеті тиын.

2019 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқылы «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 04 қарашадағы жай-күйі бойынша тіркелген.