KEGOC Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің қарызы бойынша мерзімінен бұрын ішінара төлем жасады

Қазақ

Борыштық жүктемелерді төмендету мақсатында, «KEGOC» АҚ  2017 жылғы 30 қарашада «Қазақстанның ұлттық электр торабын жаңғырту, 2-кезең» инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін 2008 жылы 228,41 млн.еуро мөлшерінде алынған Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің қарызы бойынша 2019-2020 жылдардағы 44,3 млн.еуро мөлшеріндегі төрт жартыжылдық төлемдерді мерзімінен бұрын өтеді.

«Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту 2-кезең» жобасының мақсаты – Ұлттық электр торабының сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, электр энергиясы нарығы жұмысының тиімділігін, тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету беріктігі мен сапасын, жоғары вольтті жабдықтардың техникалық және экологиялық қауіпсізідігін арттыру және жабдықтарды күту және жөндеудің пайдаланушылық шығындарын төмендету.

2017 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күй бойынша «Қазақстанның ұлттық электр желілерін жаңғырту 2-кезең» жобасы шеңберіндегі қарыз бойынша негізгі борышты өтеу қалдығы 43,1 млн.еуроны құрайды.

2017 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күй бойынша Еуропа Қайта құру және Даму Банкі және Әлемдік Қайта құру және Даму Банкінен алынған қарыздар бойынша міндеттемелердің жалпы сомасы 169,23 млн.дол. және 43,13 млн.еуро (теңгедегі эквиваленті 72,93 млрд.теңге).

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компания балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 25 000 км болатын 0,4-1150 кВ электр жеткізу желілері және белгіленген қуаты 36,7 ГВА болатын трансформаторлары бар 78 электр қосалқы станциясы бар. Компанияда 4,7 мың адам қызмет етеді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.